Аxико Тецуро тариxи отаны - Жапонияға жол тартты
2017 ж. 22 желтоқсан
2193
0
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Руxани жаңғыру" бағдарламасының "Жаhандағы заманауи қазақстандық мәдениет" атты Халықаралық жоба аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры Жапониядағы гастрольдік сапар барысында "Ақтастағы Аxико" спектаклін, "Ұлы дала елі" атты Ұлт руxаниятын ұлықтайтын концертті және "Руxани қазына" көрмесін жапондықтардың назарына ұсынады.
«Ақтастағы Аxико» спектаклінің бас кейіпкері Аxико Тецуро ақсақал да театр ұжымымен бірге тариxи отаны Жапонияға жол тартты.
Жапондық Ахико Тецуро Қарлаг түрмесіне 15 жасында түсіп, жан төзгісіз азапты торда 10 жыл отырған. Лагерьден өлімші халде босап шыққан ол қазақ анасының қамқорлығының арқасында тірі қалып, өмірге қайта оралады. Заман оңалғанда өз Отанына шақыру алып барғанымен онда тұрақтай алмай, Қазақстанға қайта оралған.
Ахико Тецуроның тағдыр жолы – сталиндік зұлмат жылдарда Қазақстанға қоныс аударған, айдалып, жазықсыз сотталып лагерьлерге әкелінген мыңдаған адамдардың, түрлі ұлт өкілдерінің тағдыры.
Зұлматты жылдарды бастап өткеріп, қиын-қыстау кезеңнен аман қалған Ахико Тецуроның тағдыры «Ақтастағы Ахико» спектаклінің сахналануына негіз болды.
qazaquni.kz