Болгарияда Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды
2017 ж. 21 желтоқсан
1810
0
Болгария елінде Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды. Бүгін екі елдің тиісті мәдени құрылымдары арнайы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" тілшісі.
Салтанатты шарада Болгариядағы ҚР өкілетті елшісі Теміртай Ізбастин екі елдің достығы мен іскерлік қарым-қатынасы жөнінде сөз қозғап, бауырлас елге қазақ жазушыларының кітаптарын насихаттауға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.
Атап өту керек, бұған дейін Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің орталықтары Жапония, Қытай, Чехия, Венгрия секілді бірқатар ірі мемлекеттердің астаналарында ашылған болатын.