ЕЛБАСЫНЫҢ БАСТАМАЛАРЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
2017 ж. 17 қараша
3771
0
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық «Теміржол» филиалының ұйымдастыруымен өткен бұл жолғы іс-шараны ақпараттық-насихаттық топ өкілдері Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының және Конституциалық реформаның мәні мен маңызын түсіндіруге арнады.
Басқосуға «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Таңбаева, «Белгі беру және байланыс дистанциясы» БПҰ төрағасы Әкімжан Қосанов, ақпараттық-насихат тобы мен дистанцияның бөлім басшылары және қатардағы теміржолшылар қатысты. Кездесуге қатысушылар ел дамуына қарқын беретін жаңа бағдар Елбасы Жолдауы – Қазақстанның Үшінші жаңғыруы туралы ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді. Әсіресе ел экономикасын дамыту үшін цифрлық технологияларды қарқынды енгізудің маңыздылығы аталып өтілді. «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева Жолдау мен реформаны жан-жақты түсіндіру, талқылау, ой-пікір алмасу ұжым үшін ұсыныстар әзірлеуде маңызды қадам екенін айтты. Сондай-ақ, ол қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі осындай түсіндіру жұмыстары екендігіне назар аударды. «Жолдауда көрсетілген басым бағыттар әр қазақстандыққа қатысты тікелей тапсырма. Сондықтан Елбасы бастамаларына әрқайсымыз қолдау білдіріп, оны жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуымыз керек», – деді ол. «Белгі беру және байланыс дистанциясы» БПҰ төрағасы Әкімжан Қосанов теміржолшылардың Елбасы бастамасының табысты жүзеге асатынына сенетіндерін, конституциялық реформаны толық қолдайтындарын және оған ерекше азаматтық жауапкершілікпен қарайтындарын жеткізді. Жиынға қатысушылар цифрландыру кәсіпорындар мен жалпы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін және халықтың өмір сапасын арттыратын маңызды қадам екеніне айрықша мән беріп, осы жолда аянбай еңбек етуге сөз берді.
qazaquni.kz