Швецияда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды
2017 ж. 25 қараша
2328
0
Швеция астанасы Стокгольм кітапханасында қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.
Аталмыш жоба ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен, Ұлттық академиялық кітапхана тарапынан жүзеге асып отыр.
Швеция Ұлттық кітапханасының тарихы сонау XVI ғасырдың ортасынан король Густав І билік еткен кезден бастау алады. Король ең алғашында тарих, ғылым, теология, географиялық карталар секілді еңбектерді жинаған. Кейіннен бұл істі оның ұлдары Эрик XIV, Юхан III және Карл IX жалғастырған. Патша кітаптарының коллекциясы Тре Крунур қамалында сақталған.
Атап өту керек, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің осы тектес орталықтары бұған дейін Пекин, Токио секілді әйгілі әлем астаналарында ашылған болатын.
qazaquni.kz