РУХАНИ СЕРПІЛІС СЫЙЛАҒАН ӨНЕР КЕШІ
2017 ж. 23 қараша
4292
1
Рухани жаңғыру
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында әрі қазақ пен қырғыз ағайындардың арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсу үшін І Халықаралық «AMANAT music» конкурс-фестивалі өтті. Осынау ауқымды шара «Алатау» дәстүрлі өнер театры мен дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісованың «Аманат» дәстүрлі өнер орталығының құрылғанына бір жыл толуына орай өткізілді. Ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлі өнерімізді ұлықтауға жол ашқан шара тыңдармандарға зор рухани серпіліс сыйлады. Шара шымылдығы «Бабалар сазы» фольклорлық ансамблінің шығармасымен түрілді. Концерт барысы айтыс, ән айтыс, күй тартыс, би жарысынан құралды.
Азаттыққа ұмтылған
Жанарына нұр тұнған
Алатауды тел емген
Қазақ-қырғыз бір туған.
Сай-саласы гүл тұнған
Тау орманы құлпырған
Қобыланды мен Манасты
Оқып батыр ұл туған
Қазақ-қырғыз бір туған.
Күлтегін мен Тоныкөк
Қара тастан сауған сөз
Баласағұн Фараби
Бабалардан қалған сөз
Абай менен Тоқтағұл
Шың басына қонған сөз
Жамбыл менен Османқұл
Нөсер болып жауған сөз
Мұхтар менен Шыңғыс боп
Әлем мейірі қанған сөз
Сөздің білген қадірін
Қазақ-қырғыз бір туған
Әніміз де мол мұра
Күйіміз де мол мұра
Егіз елдің аспабы
Қомуз менен домбыра
Қазақ-қырғыз бір туған
Бірдей біздің тіліміз
Бірдей біздің дініміз
Бірге естіліп үніміз
Төгіледі жырымыз
Айтылады ырымыз
Бірге туды жарқырап
Тәуелсіздік күніміз.
Қазақ-қырғыз бір туған.
Айтыс – сөз барымтасы. Қырғыз елінде болған қазақ қызы Майра Керімқызына арналған Халықаралық ақындар айтысында 3-орын иеленген Аяулым Жұмабекқызы мен қырғыздың ақын жігіті Чынгыз Кожошев жүйелі сөзбен, салмақты оймен, астарлы әзілмен ел жадында сақталар есті айтыс жасады.
Екі елдің өнер щеберлерінің кеші айтыстан кейін ән айтыспен тоғысты. Екі ел арасында бұрын-соңды болмаған ән-айтысқа түскен Ыстықкөл аймағында өткен «Аймақ ышқыбоздары» атты халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алған аруымыз, Талдықорған қаласының тұрғын әнші Эльмира Дәуренбекова мен қырғыз елінен келген Кубанычбек Дуйшонбиев ән айтыс жасады. Құбанычбекті орындауында «Нарындан жазған салам хат десе, ал Эльмира «Шолпан атаға хат» әнін орындады..
Екі елді жақындастырып жүретін тұлғалар болады. Соның бірі қазақ-мажар еліне ортақ тұлға Қоңыр Иштван Мандоки деген ағамыз өткен өмірден. Бүгінгі мажар өнерпаздарын ата-қонысына жетелеп келген, кешегі Қоңыр ағамыздың сүйікті жары, өзіміздің қазақ аруы Айша Мандоки.
І Халықаралық «AMANAT music» конкурс-фестиваліне мажар елінен келген өнерпаздар Богларка Фечер «Елім-ай» әнін орындаса, Золтан Хусти «Адай» күйін тартып көррмендерді таңғалдырған болатын.
Қырғыз бауырларымыз сырнаймен ән айтудан алдарына жан салған емес. Сырнаймен өнер көрсететін әншіні ат арылтып Тараздан алдырқан, Қырғыз елімен қатар жатқандықтан болар, Бақыт қырғыз әндерін қырғыздардың өзінен асырып айтпаса, кем орындамады. Сырнаймен ән айтысты Бақыт Шағырбаев пен (Тараз) Сааданбек Байзаков (Қырғызстан) жасады.
Екі елге ортақ ерекше өнер түрі – күй өнері. Күй-тартысқа бақ сынаймын деп қазақтың күйші жігіт Ержан Жаменкеев келді. Өкінішке орай қырғыздың күйшісі Закирбек Дуйшонбиев бұл додаға келмеу себебінен күй тарстыс болмай, Ержан жеке орындап шықты.
Айтыс өнерінде қыз бен жігіт айтысы дейтін айтыстың тамаша түрі бар. Міне, осындай тамаша қыз бен жігіттің ән айтысын Кенжебубу Абдылдабекова мен Жетісудың жезтаңдай әншісі Тілеулес Құрманғалиев жасады.
Өмірдің өзі би қимылдарынан құралған. Екі елде би өнері болмаса Қара жорға қайдан шықты? Бұл би екі елге де ортақ мұра. Би жарысына түсетін бишілер Алина Асанқазиева, Руслан Алжанов (Қырғызстан.) Қырғыз бишілерімен би жарысқа түсетін Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның бишілері, талай сайыстарда топ жарған өмірде де, өнерде де жұптары жазылмай келе жатқан Бегзат Ағияр, Гүлжан Әсетқызы. Би жарысы концерттің көркін ашқандай болды.
«Алатау» дәстүрлі өнер театрында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған І Халықаралық «AMANAT music» конкурс-фестиваліне бірнеше алыс және жақын мемлекеттерден атақты өнерпаздар келген. Солардың бірі туыстас Саха елінен келген якут қызы Юлияна Кривошапкинада қазақ-қырғыз өнер шеберлерінің кешінде өзгеге ұқсамайтын ерекше өнерімен көрермен көзайымына айналды.
«Алатауды жаңғыртты домбыра мен комузым» атты қырғыз-қазақ концерті «AMANAT music» І Халықаралық конкурс-фестиваля асында өтті. Бұл жоба ертеңгі жас өнерпаздарымыз үшін үлгі ретінде ұйымдастырылды. Конкурс-фестиваліміздің атын да «Аманат» деп атаудың сыры терең. Өткен жылы ғана Алматы және Астана қалаларында тұсауын кескен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сәуле Жанпейісованың «Аманат» өнер орталығы бабадан қалған өнерді жалғастырып, жас жеткіншектерді ұлттық өнер баулуда аз ғана уақыттың ішінде талай жеткіншектің өнердегі шамын жағып келеді. «Қазақ-қырғыз бір туған. Өнер ұлтқа бөлінбейді. Екі елдің бірлескен жобасына ағайындас елдің өнер щеберлерін бастап келген Қайрат Салмакеев пен (Қырғызстан) жобаның идеясы, басты ұйымдастырушысы әнші Сәуле Жанпейіоса екеуінің ән айтысымен қортындылады.
Түбі бір, діні бір, ділі бір, жыры мен ыры бірдей бауырлас елдің арасында тек ғана достық, туыстық қатынас болуын тілейміз!
Ақтолқын ТАЖИКОВА
qazaquni.kz