Болашаққа бағдар болған Бәйтерегім

Осыдан 20 жыл бұрын Елбасы тәуелсіз ел тарихының жаңа парағын аша отырып, өзінің халыққа арнаған алғашқы Жолдауында: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады» - деген еді.

Бұл жерде айтпағым, тұңғыш Президентіміздің ел тізгінін қолына алған шақта, тарихтан өткен кеңес үкіметінің жасап кеткен солақай саясатының салдарынан өз жерінде тұрып азғындыққа, азшылыққа ұшырап, ұлтттық салт-дәстүрлері шектеліп, ділі мен тілінен айырылып қала жаздаған қазақ елін-бүгіндері қалай және қандай деңгейге жеткізгендігі.

Бұл тұрғыда Ұлт көшбасшымыздың еңсесін енді тіктеп отырған ел ертеңін танытар болашаққа бағдарлама ұлт- жоспарын жасап, оның өсіп өркендеуіне жылма-жыл халқына Жолдауларын ұсынып, оның жүзеге асыру жолдарын көрсетіп, нақты экономикалық дамудан – бүгінгі рухани жаңғыруымызға дейін белгіліп беруін көрегендік демей не дейміз?

Бұл бағытқа ұлт бағына туған Елбасы көк байрақты елін ғасыр мен ғарышты қатар игеріп, жұлдызымызды жарқырата түскен мерейлі белестерге қысқа мерзімде қол жеткізді. Тарих үшін қас-қағым уақытта, мың жылға бергіссіз тәжірибе жинадық.

Мәңгі жасайды деген кеңес одағының жетпіс жылдық отарлығынан бөлінген 20 жылында тәуелсіз Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті елу мемлекетінің қатарына еніп, енді өркениеті өркендеген - озық отыз ел ортасынан орын алуға бет алдық.

Өзінің ұлан-байтақ жері бар, тасқа жазылған тарихы мен төл мәдениетті әдебиеті бар елінің ұлттық салт-дәстүрі тілімен өркениетке өрлеген халық үшін бұдан асқан бақыт жоқ шығар, мынау жаһандаған дүниеде ... «Ырыс –ынтымаққа жолығады, дәулет-бірлікпен толығады»-дегендей бұл ырысы мен берекесі тасыған елдікке ең алдымен, өз ел ішіміздегі ұлтаралық татулық пен бірліктің арқасында жетіп отырмыз.

Шүкіршілік, дейік бір қатар елдерде сол арман болып тұрған тыныштықта өмір сүру біздің Қазақстанда салтанат құрған. Шыны, керек тағдыр жазуымен қазақ жеріне кезінде күштеп қоныс аударылып, тұрақтап қалған түрлі ұлттар мен ұлыс өкілдері бүгінгі таңда өмір салттары төл халқымен бірге жарасып, тіршіліктерімен астасып, бақ мекеніне айналған қазақ елінде, келер ұрпағының әр күнін жақсылықпен өткізетініне сенімдері артқан. «Лайым солай болғай» –деп тілейсің!

Біз бүгіндері бақыттымыз. Дұрысы бақытты ұрпақпыз! Ойлап қарасақ, біз мына өмірге әлем көп өзгеріске түскен кезеңде келген екенбіз, дүние дидарындағы ең ерекше жаңғыруларды көру біздің маңдайымызға жазған бағымыз, біз өзімізді бақытты жан сезінетініміздің бір себебі-жас тәуелсіз мемлекетіміздің жаңадан қаз басып қалыптасып жатқан шағындағы алғашқы адымдарынан, бүгінгі қарышты қадамдарымен - рухани жаңғыруымыздағы дәуір талабы аясында қазақ тілінің латын әліпбиіне еніп көшуімізге куә екендігіміз.

Әрине мұның бәріне салиқалы, сарабдал саясаткер Елбасының ғажап еңбегі тұр. Мемлекет басшысының өзі таңдап алған бұл бағдаршам бағыт еліміз үшін адастырмас жұлдызға айналды. Бұл стратегияның кең пішілген кемел ойлы тактикасы да бар. Осыған орай Елбасының өз сөзімен айтсақ: «Уақыт бізді таңдады. Біз сол уақытқа өзіміздің мемлекеттік мөріміз-тәуелсіз Қазақстанның атын жаздық»-

делінген. Содан бері Қазақстан ғасырларға тең таңғажайып табыстарға жеткенін бүкіл әлем көріп таңдай қақты.

Елбасы айтқан ой жобалары алғашында орындала қоймас қиялдай көрінгенмен, осы тұста ел Президентінің айтқан бір сөзі ойға оралып тұр. «Біз алыс сапарға бел буып, келешегімізді тәуекел дариясына түсірген елміз»-деген тәуелсіз Қазақстаны «Нұрлы жолымен», «Мәңгілік елдікке» нық сеніммен аршындап барады.

Осы жерде шағын мақалаға сыйғызып, тұздық болара киелі сөз жүйесінің ретіне келтіре «айтылғын сөз – атылғын оқ» дегендей көздеген нысанасына мүлт кетпес мергенге қарата айтылғандай, көршілес қытай халқының «Қайта құру басыңа келсін...»-деген мақалы бар. Осы бір қатқылдау естілер қайта қайраттандырар да тәмсіл сөзі – бастапқыда Елбасы өз басынан өткергендей бодандықтан шығып дағдарыста тұрған елін, жаңа мемлекет құруда, бәрін де тыңнан бастап, жоқты бар етіп, барды берекеге айналдырған ұтымды да сәтті қадамыммен еңсергені бар. Елбасының осы шешімдеріне кезінде өзге түгіл өзіміздің де күмән келтіргендерге жарқын дәлелдеп бергеннің бірі Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіріліп, Сарыарқаның сайын дала төсінде жатқан Есіл өзенінің екі жағалауына сәулеті мен дәулеті келіскен жаңа қала Астана салды. Күн сайын гүлденіп, көркейіп өсіп отырған еліміздің бас қаласы Астанамыз, бүгіндері әлемдегі жас қала, арман қала, сұлу қалаға айналды. Елбасы ойынан туындаған ешбір елде баламасы жоқ «Бәйтерек» монумент кешені Астана төрінен көк тіреп- тәуелсіздігіміздің бойтұмарындай болашаққа бағдар беріп мен мұндалап тұр.

Осылайша, алты алашқа бас болған нұрын шашқан -Астанаға қарап еліміздің барлық өңірлері бой түзеуде. Солай десем артық айтқанындығым болмас.

Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жолдауындағы бағдарламасы жаңа экономикалық бағытта практикалық іс жүзінде түбегейлі бет бұрыстар жасалуда.

Оның айқын көрінісі көнеден керуен жолы болып келген Ұлы Жібек жолы бойындағы ел шебіндегі Жаркент өңіріне де жетті. «Хан қалауын келтірсе-құмды жерге кеме жүргізер» демекші Жаркент жеріне тұңғыш рет темір жол тартылып, құмды төбелер түріліп орнынан көлге қонған қаздай боп жаңа «Нұркент» қалашағы бой көтеріліп, ел қоныстанып, «Алтынкөл» станциясы ашылды. Дәл қазіргі таңда осы маңда халықаралық «Қорғас құрғақ порты» іске қосылып, «Бір белдеу-бір жол» халықаралық жобасы аясында батыс Қытай мен Еуропаны жалғайтын заманауи көлік дәлізі түсіп, үлкен төрт жолақты автожол тартылған.

Осының бәрін көре отырып Президентіміздің жасампаздықпен жүргізіп жатқан саясатының арқасында, көңілімізге келешегіміздің кемел екеніне сенім ұялайды.

Олай болса елін ұлы мұраттарға бастап отырған Елбасынан үлгі тұта отырып, тәуелсіздік бойтұмарындай болған Астананың символдық қасиетті белгісі «Бәйтерек» монументінің жобасын ескерткіш ретінде Жаркент қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектеп ауласына орнатсақ деген ұсыныс білдірмекпін? Оған ниеттестерге ыңғайлы орын да дайын тұрғанын жеткізгім келеді. «Бәйтерегі бар»-мектеп атану өскелең ұрпақтың алтын ұя мектеп қабырғасында жүріп, қасиетті тәуелсіздігіміздің тағылым тарихын тани біліп, кеуделерінде отансүйгіштік патриоттық сезім ұялайтыны анық.

Қ. Сұлтанғазыұлы, "Қазақ үні" ұлттық порталы