Зың, дың, saebiz: сөзден де, әннен де қадір кетті
2017 ж. 22 қазан
3853
12
Атырау газеті «Атырау» газеті бүгінгі қоғам арасындағы қадірі кетіп бара жатқан сөзге қатысты ой қозғапты. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.
«Әнді алсақ, қазір ән деуге ауыз бармайтын, бірақ еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін аузынан тастамайтын «вирус» әндер көбейді. Қайсыбір күні көліктегі радиодан «Сүймейтін, сүйіспейтін, қазақтың қыздары-ай» деп бір жігіт ышқынып жатыр. Сөйтсем осы күні мұндай әнсымақтар қалыпты жағдайға айналыпты ғой, көз көндіккен, құлақ үйренген», деп жазады газет.
Сонымен қатар, мақала авторы бүгінгі күні бейнеклипін 30 миллионнан астам адам тамашалап, әуені мұхиттың арғы жағын да жаулай бастаған ерке Есмаханның танымал әніне де назар аударады.
Әлеуметтік желідегі кең таралған «вирус»-қа қатысты да тоқталады.
«Артынша едел-жедел әлеужеліде «зың-зың» деген топ құрылып, «Зың самса, дың нан» деген дүкен ашыла қойыпты (қай қалада екенін белгісіз). Ол ол ма, Алматыда бір пысықайлар «Saebiz» деген ресторан ашып үлгеріпті», - деп жазады газет.