Төреғалидің үйлену тойы Ұлттық арнадан тікелей эфир арқылы көрсетілмек
2017 ж. 17 қазан
4906
15
“Жұлдызды көрсеткен соң, елдің бәрі әйелдерін көрсете бастады!” Бұл “Арман” фильмінің тұсаукесерінде Қайрат Нұртастың әріптесі Төреғалиге меңзеп айтқан сөзі. Алайда Ұлы дала баласы бұл жайтты жоққа шығарды. Тағы да сөзге қалмау үшін отау құрғанына үш жыл болған Төреш өзгелерден ерекшеленбек ниетте, деп жазады Stan.kz.
Төреғалидің тойы отандық арналардың бірінен тікелей эфир арқылы көрсетіледі! Бұл ақпараттан құлағдар болған жұрт әншіні бірден сынай жөнелген еді. “Онсыз да көгілдір экранды жаулаған әртістің тойын тікелей эфир арқылы көрсету не сән?” деп дауласты жұрт. Алайда елдің пікіріне қарамастан, Төреғали бұл ойынан бас тартпаған.
Тіпті, 17 қазан күні болатын тойдың анша-мұнша емес, “Қазақстан” Ұлттық арнасынан көрсетілетіні белгілі болып отыр.