«AMANAT musiс» Халықаралық конкурс-фестиваліАлматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының құрылғанына жыл толуына, сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,әнші Сәуле Жанпейісованың жетекшілігімен ашылған «Аманат» өнер орталығының бір жылдығына орай өткізгелі отыр.
Конкурс-фестивальдің ұйымдастырушылары:«Аманат» өнер орталығы,«Алатау» дәстүрлі өнер театрының қолдауымен өткізеді.
Ақпараттық демеушілер: Республикалық газет-журнал, радио, телеарна, сайт пен медиапорталдар.
Осы ереже конкурстың мақсаты мен міндеттерін, талаптары мен өткізу тәртібін анықтайды.
КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Байқаудың басты мақсаты:
– Конкурсанттардың байқау барысында өзара достық қарым-қатынас қалыптастыруына жол ашу;
- Дарынды жастарға шығармашылық қолдау көрсету;
- Патриоттық, азаматтық, мәдени-эстетикалық тәрбиелеу;
- Дарындының даралығын насихаттау;
- Қатысушылардың шығармашылық әрекеттерінің түрлері мен бағыттарын дәріптеу;
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТАЛАПТАРЫ:
Конкурс-фестивальге келесі номинациялар бойынша өтеді:
- Дәстүрлі ән, жыр-терме (ұлттық аспап сүйемелімен жеке орындау)
- Халық аспаптарында жеке күй орындау;
- Эстрадалық вокал (жеке орындау)
- Халықтық ансамбльдер (дуэт, трио, квартет, т. б., 15 адамға дейін)
Байқауға шет елдер мен республикамыздың барлық облыстарының және Алматы, Астана қалаларының өнерпаздары қатыса алады.
Қатысушылардың жас шамасына қарай сайысатын топтары:
- 5 –7жас (кіші топ)
- 8 –12 жас(орта топ)
- 13 –17 жас (үлкен топ)
- 18 –25 жас (ересек топ)
Қатысушылардың өнер көрсету реті ұйымдастыру алқасының шешімімен анықталады.
Техникалық шарттар
- Қатысушылар сүйемелдеуші аспаптарын өздері әкеледі;
- Ән мини дискіде және флешкаға жазылуы тиіс. Шығарма салынған диск пен флешкада тек байқау шығармасы ғана жазылуы шарт;
- Фонограммаға (+) тиым салынады;
- Шығарма салынған диск пен флешканың сыртында және ішінде қатысушылардың аты-жөні, шығарманың аты жазылуы керек;
- Әр қатысушы тізімдік рет бойынша дайын тұруы тиіс, сүйемелдеушінің аспабы мен құралдарының дайындығына жетекшісі жауапты;
- Қатысушы кіші топ 1 шығарма, қалған топтар 2 шығармадан орындайды. Шығарманың жалпы ұзақтығы 7 минуттан аспауы тиіс.
Байқаудың қазылар алқасы
- Қазылар алқасының құрамы мәдениет және өнер қайраткерлерінен, кәсіби мамандардан түзіледі;
- Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, сондай-ақ байқау ережелерінің бұзылуына жол берген қатысушылар байқаудан шеттетіледі;
- Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы;
- Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 30 ұпайлық жүйе бойынша (10 ұпай ашық, 20 ұпай жасырын) бағалайды. Жинаған ұпай саны бойынша орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегері анықталады.
Ұйымдастыру талаптары:
Қатысушылардың барлық шығынын жіберуші жақ төлейді (Жолы, тамағы, жатар орны т.б өз есебінен) Кәмелет жасқа толмағандар үшін жетекшісі немесе ата-анасы жауапты.
Конкурс-фестивальге қатысушылар төмендегідей ұйымдастыру жарнасын төлейді:
- Жеке орындаушылар – 15.000 тг.
- Дуэт, трио – 20.000 тг.
- Ансамбль – 4 адамнан 10 адамға дейін – 30.000 тг.
- 11 адам және одан жоғарыболса – адам басына 3.000 тг.
Байқау жарнасын төлеу жүлделі орынға кепілдікбермейді.
Қатысушылардың жарнасы фестивальдің ұйымдастыру шараларына (жарнама, сахна безендіру, қазылар алқасына, дипломдар мен ескерткіш сыйлықтар, т. б.) шығындарға жұмсалады.
Байқау шарттары:
Қатысу үшін төмендегідей құжаттарды толтыру қажет:
- Өтініш ұсынылған анкета бойынша 25 қазанға дейін қабылданады;
- Осы уақыт аралығында қатысу жарнасы төленуі тиіс. Өтінішпен бірге жарна төленген түбіртек көшірмесі болуы міндетті. Ал түпнұсқасы байқау болатын күні тапсырылуы керек;
- Тапсырыс анкетасыэлектронды пошта арқылы Word форматта қабылданады.Сүйемелдеуші болған жағдайда, анкетаға енгізілу сұралады;
- Кәмелетке толмаған қатысушыларға балалардың қауіпсіздігі үшін жауапты адам болуы міндетті.
Шығарма шарттары:
Кіші топ1 шығарма орындайды, қалған топтар2 шығарма орындайды.
2-ші шығарманы –өз қалауы бойынша кез-келген өнер түрінен көрсете алады. Қатысушы 2-ші шығармаға қалаған жанрында басқа өнер түрінен шығарма орындауға құқылы немесе бірінші орындаған шығарма жанрында өнер түрін жалғастыра алады.
ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ:
2017 жыл 1-4 қараша күндері
Өткізу орны: Алматы қ., Алғабас-1 мөлтек ауданы, Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысы, «Алатау» дәстүрлі өнер театры
1 қараша – қатысушылардың келуі, орналасу, қаланың көрікті жерлеріне саяхат (қалауы бойынша қосымша ақы негізінде)
2 қараша – шеберлік сабақтары,
19.00-де – «Алатауды жаңғыртты домбыра мен қомузым» атты Қазақстан жәнеҚырғызстан дәстүрлі өнер шеберлерінің концерті
3қараша –Конкурс
2017 жыл 4 қараша күні16.00-де Гала-концерт, марапаттау.
Өткізу орны:«Алатау» дәстүрлі өнер театрының үлкен залы.
КОНКУРС ОРЫНДАУШЫЛАРЫН БАҒАЛАУ:
- орындау шеберлігінің деңгейі;
- дарынның ерекшелігі, әсерлілік;
- сахна мәдениеті;
- қатысушыныңжасынарепертуарыныңүйлесімділігі.
КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:
Ұйымдастыру комитетіне қатысушы туралы толық мәлімет пен концерттік бағдарламасы толтырылған өтінім тапсырылады.
Өтінімдер 2017 жылдың 25 қазанына дейін электрондық түрде арнайы дайындалған бланкте келесі эл.пошта бойынша қабылданады:
amanat.konkurs@gmail.com
Арнайы бланк пен ережені
www.amanat-music.kz/konkurs сілтемесінен көшіріп ала аласыздар.
Әлеуметтік желідегі мекен-жайымыз: @amanat_music
Анықтама телефондары:8 (747) 109-20-08, 8 (701) 362-30-35
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ:
Қатысушыларды марапаттау рәсімі 2017 жылдың 4 қараша күні 16.00-де қорытынды гала-концерт және фестивальдің салтанатты жабылуында өткізіледі.
Жеңімпаздар Бас жүлде, 1, 2, 3 орын (әр номинация бойынша) лауреаттық дипломдарымен, кубоктар және медальдармен марапатталады.
Конкурс-фестиваль аясында қазылар алқасы үздік педагогтарды анықтап, дипломдармен марапаттайды.
Конкурс Ережесіне сай Бас жүлде бөлінбейді, қалған орындар қазылар алқасының шешімімен өзгертуге құқылы.
Қатысушылардың саны, репертуарлық бағдарламасы қабылданып алғаннан соң конкурс-фестивальға 10 күн қалғанға дейін өзгертуге болады.
Біздің реквизиттер:
АО "Банк Астаны"
БИК:
ASFBKZKA(190501450);
РНН:
600900607832; БИН ;Облысы, ауданы:
6004;
№ KZ374509939890074238. Ашылу күні:
31.01.2017 .
АО "Банк Астаны"
qazaquni.kz