Майра Ілиясова күйеуіне екінші әйелді өзі алып бергенін айтты
2017 ж. 03 қазан
4817
14
Белгілі әнші Майра Ілиясы күйеуіне тоқал алып берді. Бұл туралы ол Zhuldyz TV арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
- Менің жолдасым өте жақсы азамат. Біздің ортамызда бір ғана қыз болды, сосын мен қызым жалғыз болмасын деп, ризашылығымды бердім. Қалыңдық іздегенде әпкемнің қыздарының достарымен өзіміз таныстырдық. Бүгінде олар тамаша отбасы болып отыр, араласып тұрамыз. Немерелерімізбен бір-бірімізге шәй ішуге барып тұрамыз, өте тамаша қызға үйленді, - деді әнші "Сенбілік серуен" бағдарламасының тілшісіне.