ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ЕНГІЗУ – ТІЛІМІЗ ҮШІН ҚАЖЕТ
2017 ж. 15 қыркүйек
2925
0
Қолданысы жағынан жер бетінде басымдыққа ие латын әрпі – халықтың сауаттылығын танытатын, жаһандық бәсекеге бейімдейтін көрсеткіш.
«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» деген Мемлекет басшысының ішкі қажеттіліктен туындаған маңызды басымдықтарының бірі – латын әліпбиіне көшу мәселесі. Аталмыш тақырып жұртшылық алдында қызу талқыланып жатқан өзекті мәселе.
Латын әліпбиі – ана тіліміздің қолданылу аясын кеңейтіп, айтылым мен жазылым талаптарын жүйеге түсіруге икемді. Сондықтан, бізге ана тіліміздің маңыздылығын түсініп, тілімізді тұғырлы етуге үлес қосуымыз керек. Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам деп білемін.
Л. ҚЫЗЫЛҒҰЛОВА,
Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия директоры
qazaquni.kz