Елбасының өмірі туралы кезекті картина алдағы жылы да түсірілетін болды. Ол үшін мемлекет қазынасынан бақандай 900 миллион теңге қаражат бөлініп отыр. Бұл туралы Мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының таныстырылымы кезінде айтылды деп жазады Sputnik Kazakhstan.
Презентация барысында белгілі болғандай, Президент туралы кезекті фильмге биыл 1,4 миллиард теңге бөлмек болған екен. Алайда, түсірілім жұмыстары 2018-2019 жылдары жүргізіліп, оған 900 миллион теңге жұмсауды ұйғарыпты.
Дереккөз: sn.kz