АСТАНАҒА ӘЛЕМ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ КЕЛЕДІ
2017 ж. 23 маусым
3128
0
«Астана ЕХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы ЮНЕСКО және ИСЕСКО-ның қолдауымен «ОҚУ ӘЛЕМІНДЕГІ ОҚЫРМАН ҰЛТ» тақырыбындағы Халықаралық симпозиумын өткізеді.
«Астана ЕХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылып отырған «ОҚУ ӘЛЕМІНДЕГІ ОҚЫРМАН ҰЛТ» тақырыбындағы Халықаралық симпозиумы қазіргі қоғамдағы кітапхана ісімен таныстыру және ақпараттық қоғамдағы заманауи сұрақтарға жауап іздеу, қоғам назарын кітапхананың дамуына аударту мен кітапхана имиджін көтеру болып табылады.
Симпозиум жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің тұрақты төрайымы Дариға Назарбаева, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясының хатшысы Әсел Өтегенова, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Касеинов Дүйсен Құрабайұлы, Түркия Ұлттық кітапханасының Бас директоры Зулфи Томан (Түркия), Ресей ұлттық кітапханасы бас директорының кеңесшісі Антон Владимирович Лихоманов (Ресей), «Амброзиана» Азия класс академиясының ғалым хатшысы, профессор Эдоардо Канетта (Италия), жазушы, публицист Александр Мелихов (Россия), жазушы, сценарист Смағұл Елубай, Британия кітапханасы еуропалық және американдық коллекцияларын сақтаушысы Змрокзек Жанет (Англия), ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Жанат Сейдуманов, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева және т.б.
Іс-шараға Түркия, Иран, Оңтүстік Корея, Қытай, Ұлыбритания, Италия, Германия, Египет, Австрия, Швеция, Молдовия, Украина, Башқұртстан, Қырғызстан, Татарстан және Якутия елдерінің басшылары мен мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері, мәдениет пен ғылым және кітапхананың, халықаралық ұйымдарының, дипломатиялық, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, отандық және шетелдік музейлері мен кітапханаларының, сондай-ақ, шет мемлекеттегі Қазақстан мәдениеті орталықтарының өкілдері қатысады.
Симпозиум аясында 9 сессия өтеді:
(Өтетін орны және уақыты: Достық көшесі 11 үй, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, 27 маусым 10.00-ден 16.00-ге дейін).
1.СЕССИЯ:Түркі елдері Ұлттық кітапханасы директорларының 5-ші Халықаралық конференциясы.Түркі тілдес елдер кітапханалары базасының тұсаукесері.
2.СЕССИЯ:Ұлттық ақпараттық саясат және халықаралық ынтымақтастық контексіндегі Ұлттық кітапханалар.
3.СЕССИЯ:Кітапханалар және Музейлер:әлеуметтік-мәдени ортада рөлі мен функциялары.
4.СЕССИЯ: Балалар әдебиеті мен қазіргі заманғы білім беру: үрдістер мен перспективалары.
5.СЕССИЯ: Әлемдік ақпараттық кеңістікке ресурстарды ықпалдастыру.
6.СЕССИЯ: Түркі халықтарының мәдени диалогы.
7.СЕССИЯ : «Әлем естелігі» Ұлттық комиссияның отырысы.
8.СЕССИЯ: Жазушылар Бақыт Қайырбеков (Қазақстан) пен Александр Мелиховпен (Ресей) кездесу.
9.СЕССИЯ: Маржан Ершудың «Дина Нұрпейісова» кітабының таныстырылымы.
Симпозиум жұмысының тілі: қазақ, орыс, ағылшын, түрік.
Ілеспе аудармамен қамтамасыз етіледі.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты.
ҚР Ұлттық академиялық кітапхана баспасөз қызметі