"АҚ ЖОЛ" ЕРЕЙМЕНТАУДА АУЫЗАШАР ЖАСАДЫ (фото)
2017 ж. 13 маусым
4861
0
Он екі айдың сұлтаны - қасиетті Рамазан айында Қазақтың бас қолбасшысы Бөгенбай батырдың елі -Ерейментауда "Ақ жол" партиясы ауызашар берді.
Аудан орталығы Ерейментауда өткен ауызашарға аудан басшылары мен зиялы қауым, мешіт өкілдері, ораза тұтқан иманды жамағат қатысты. Аудан имамы әруақтарға арнап құран оқыды. Аудан әкімі Ермек Нұғыманов, "Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев, "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов және ауыл зиялылары мен ел ағалары сөйледі.
Ауызашарда елдік мәні бар әңгімелер мен Руxани ұлттық жаңғырудың ұлтымыз үшін зор мән-маңызы әңгімеленді.
"Ақ жолдың" келесі ауызашары 17 маусымда әдеттегідей бүкіл түркінің руxани астанасы - Түркістанда өтеді.
Оразаларыңыз қабыл болсын, халайық!