Швеция Корольдігінің елшісі Астанадағы академиялық кітапханаға кітап тарту етті
2017 ж. 06 маусым
1806
0
2015 жылы Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Христиан Камил ҚР ҰАК-на (ҚР Ұлттық академиялық кітапхана) әлемге әйгілі ғалым Карл Линнея студенттерінің жұмыстары жазылған кітаптарды сыйға тартқан болатын. Бұл жұмыстарда 18 ғасырдың 70-жылдарындағы Петропавл қаласының күнделікті өмірі туралы қазіргі заманғы Қазақстан аумағын сипаттайтын мәліметтер жазылған.
Қызметтік әріптестікті одан әрі жалғастыру мақсатында бүгін Ұлттық академиялық кітапханасында Швеция Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Христиан Камилдің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.
Іс-шара барысында Швеция делегациясының өкілдері «IK Foundation» қорының қызметімен таныстырды. «IK Foundation» қоры Пәнаралық ойлау беделі бар тәуелсіз үкіметтік емес ұйым. Аталмыш мекеме өз миссиясын орындау үшін қаржылық және халықаралық бірегей ынтымақтастықты дамытуды жалғастырып, терең білім мен ұзақ мерзімді нәтижелерге қол жеткізіп келеді.
Сондай-ақ, швед делегациясы Қазақстан мемлекетінің ежелгі ғасырлардағы өмір мен мәдениетіне қатысты көптеген ақпараттармен таныстырды. Мәселен, швед жазушы Йохан Питер Фальктың кітабындағы материалдар Қазақстан аумағын зерттеген ең бірінші жазбалары болып табылады. Петропавл, Орал қалалары мен Ишим және Ертіс өзендері керуен жолы деп санаған. Бұл жұмыстардың ерекшелігі танымал швед ботанигі Карл Иоганнның оқушысы Иоганн Фальктің оқытушысы сияқты дәлелді ақпараттар жинап отырғанында болып отыр. Сонымен қатар И. Фальк сол кезеңде өмір сүрген халықтардың провинциялық өмір жолы да кеңінен ақпараттар берген.
Дөңгелек үстелге 7 адамнан тұратын делегация шақырылды: Швед академиясының профессоры Бо Ральф, швед мәдениетін шетелдермен ілгерілету ісі жөніндегі Корольдік қоғамының Бас хатшысы Ларса Бергман, «IK Foundation» Қорының зерттеушісі Ларс Ханс, ҚР Швеция елшілігінің екінші хатшысы, аудармашы Бенгт Эрикссон және ҚР Швеция елшілігінің сауда және инвестиция жөніндегі кеңесшісі Руслан Оразалинов.