ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ ҚОЛДАУ ТАПТЫ
2017 ж. 18 мамыр
1829
0
Қарағанды қаласында «Ақ жол» партиясы облыстық филиалының бастамасымен Елбасының: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелге партия белсенділері мен облыстық кеңестің мүшелері, сондай-ақ, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының докторы Бектұрсын Қалиев және Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы директорының орынбасары, тарихшы-ғалым Темірғали Аршабеков қатысып сөз сөйледі.
Ғалымдар тақырыпқа байланысты өз тұжырымдарын айта келе латын әліпбиіне уақыт өткізбей көшу керек деген ойларын ортаға салды. Мысалы: таяу арада КарМу-де латын әліпбиі бойынша даярлық курстары 1 қыркүйектен бастап жүргізілетінін айтты. Жарыссөзде сөйлеген партия белсенділері Қ.Ділдәбеков, Ғ.Әбсәмат және «Ұлт тағдыры» облыстық бірлестігінің төрағасы А.Халенов латын қарпіне көшуді бір ауыздан қолдады. Жиынға облыстық әкімдігі ішкі саясат басқарамасының бөлім басшысы Д.Малдыбаев және облыстық Тілдер басқармасының бөлім басшысы Ә.Қашқынбек қатысып өз пікірлерін айтты.
Шара соңында филиал төрағасының орынбасары Қ.Ділдәбеков жиынға қатысып пікір білдірген ғалымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне алғыс білдіріп, айтылған ұсыныстардың хаттамаға түсірілетінін айтып, отырысты қорытындылады.
«Ақ жол» ҚДП-ның Қарағанды облыстық филиалы