Қайрат Нұртас Мейрамбекті ағасындай, Димашты інісіндей көретінін мәлімдеді
2017 ж. 28 мамыр
18274
40
Әйгілі әнші өзін қаралауға әрі өзгелермен салыстыруға әзір тұратындарға жауап берді
Қайрат Нұртас соңғы 4 жылдан бері неге ешкімге сұхбат бермегенін айтты. Әнші сөзін бұрмалайтын журналистерге өкпелі көрінеді. Бұдан өзге, Қайрат өзін Димашпен және басқа да танымал қазақ әншілермен салыстырғанда қынжылатынын жеткізді. Ол өзін қаралауға әрі өзгелермен салыстыруға әзір тұратындарға жауап берді, - деп жазады stan.kz.
«Сұмдық болып кетті. Өз-өздеріне PR жасап, телеарналары мықты болу үшін неше түрлі ауызға келгенді оттайтын болды. Біз айтпаған нәрсені айтты деп жалғап-жалғап, монтажбен әдемілеп келтіріп алатын болды. Сондықтан қазір сөйлеуге қорқамыз. Сондықтан қазір мен ешкімге сұхбат бермеймін. Өтірік айтпасам, 3-4 жыл болыпты сұхбат бермегеніме», – дейді Қайрат.
«Феномен» әнші шетел әншілерімен салыстырса ренжімейтінін айтты. Әншінің пікірінше, қазақты қазақпен салыстыру – барып тұрған бассыздық. Ол Мейрамбекті ағасындай, ал Димашты інісіндей көретінін мәлімдеді.
«Жарайды, мені шетелдің азаматымен, басқа шет әншілермен салыстырсын. Бірақ қазақ пен қазақты салыстырып, араларына от салып, бір-біріне айтқан сөздерін басқаша көрсетіп, халыққа масқара қылып, ащы сөйлейді тигізіп, сол күйдіріп барады да. Одан менің ештеңем кетпейді, тек оны айтқан адам өз-өзіне күнә артып алады. Оны аяймын шынымды айтсам. Халық біліп отыр ғой, кімнің қандай екенін.
Мені Мейрамбек ағамен, Төреғалимен, Ернармен салыстырды. «Ой, сен қалып кеттің» деп. Қандай сөздер, мысалы? Кешегі Димаш бауырымызбен салыстырды. Мен қуанамын, әр қазақ шыға берсін. Шын өмірде біз бір-бірімізге көмектесіп, қолдау көрсетіп жүрген адамдармыз. Ал бұлар біздің өнерімізді бір-бірімізге қарсы етіп көрсетіп қояды. Былай қарап отырсаңыз, Димаш менің қандай інім. Бір-бірімізді жақсы көріп, ол мені «аға, аға» деп мен оны «іні» деп, үлкен мерекелерде бірге болдық. Төреш те, Ернар да бар. Мейрамбек менің қандай жақсы көретін ағам. Ол кісімен салыстыру мүлдем келмейді. Біз сол кісіні тыңдап өскен баламыз. Жөргекте жүрген кезде сол кісілер ән салып жүретін. Солардан сабақ алып, әдемі қылықтарын үйрендік. Ал оны кеп кішкентай ғана Қайратты Мейрамбекпен салыстырады. Болмайды ғой ол», – дейді Қайрат Нұртас.