ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

БАРШАҢЫЗДЫ ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!   Он екі айдың сұлтаны Рамазан айында тұтқан Оразаларыңыз қабыл болсын! Бір Алладан тілеген барша тіілектеріңіз орындалғай! Берген пітір-садақа, зекеттеріңіз қабыл болсын! Барлық жасаған жақсылықтарыңыз бен сауаптарыңыз сансыз еселеніп жазылсын! Жүздеріңзге нұр, жүректеріңізге иман ұяласын! ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Жүрегіңе жүк түссе мың азаптық, Бір Аллаға сиынғын мінәжат қып. Күйкі тірлік күйбеңі күйреп түсіп, Сонда ғана аласың Ұлы Азаттық! Бір Аллаға сиынғын, мінәжат қып!   Ашық күнде адасқан нешеме ердің, Намаз ғана сауабын еселер мың… Мейірімі ерекше, Рахымды Алла, Менің барлық күнәмді кеше гөргін!..   Тұтқындалған пендені тұманда да… Құтқаратын Құдай мен Құран ғана! Ақиқатты іздеген барлық адам, Ақыр түбі бас иер бір Аллаға! "Мінәжат" өлеңінен үзінді qazaquni.kz