Мәдениет қызметкерлері марапатталды (ФОТО)

21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесіне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атынан бір топ кітапханашылар марапатталды.

Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлеріне «Астана қаласының мәдениет пен өнер саласына қосқан елеулі үлесі мен әлеуметтік әріптестікті дамыту жолындағы еңбегі үшін» Құрмет грамотасы мен «Еңбек даңқы» төсбелгісі берілді.

Кітапханашыларды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріне саулық, отбастарына амандық және істеріне табыс тілейміз!