Танымал сәулетші ерекше мұражай ашуды ұсынды
2017 ж. 20 мамыр
3566
0
Ақтауда қазақ халқының жазба мәдениетін дәріптейтін мұражай ашылады. Қазақстанның құрметті сәулетшісі Сайын Назарбекұлы Каспийді шаһармен қосар мүйістегі ең үлкен үңгірді ғимарат ретінде қолдануды ұсынып отыр.
Абай мен Домалақ ана кесенелерін қайта жаңғыртқан танымал сәулетші жоспарына қала әкімдігі қолдау білдірді. Ұзындығы 70, биіктігі 2 метрлік үңгір ортасына тастан киіз үй пішіндес ғимарат салынып, ішіне қазақтың көне жазулары қашалып түсірілмек. Мемлекеттік және ағылшын тілдерінде жазылатын деректерден ерте заманғы Шумер жазбаларынан бастап Күлтегін, Орхон-Енисей, Тоныкөк жазуларының, Іле бойы, Қаратау мен Маңғыстау жеріндегі шар тәріздес тастарда бейнеленген таңбалар тарихын көруге болады. «Көздеген мақсат орындалса, «ашық аспан асты мұражай» атанған өңірге туристер қызығушылығының артары сөзсіз», – дейді танымал сәулетші.
qazaquni.kz