Қапшағайдағы казинода 100 мың долларын ұтқызған әнші кім?
2017 ж. 16 мамыр
3872
1
Бұл жерде бір сәтте миллионер болып шыға келуің немесе бар мүлкіңнен айырылып, белшеден қарызға батуың мүмкін. Бірақ осындай сұмдық жағдайға тап болуы ықтимал екенін біле тұрса да, ойынқұмарлар казиноға барып бақ сынауын қояр емес.
“КАРАВАН” газетінің тілшісі Қапшағайдағы ойын нысандарының бәрінен дерлік шықпайтын біреумен әңгімелескен еді. Ол өзін Айбек деп таныстырған. Бізді оның әңгімесінің мына бір бөлігі қызықтырып отыр.
- Ол жерден (казинодан - ред.) күндіз Қапшағай көшелерінде таяғы мен радарын ұстап тұратын бір полиция қызметкерін де көргенмін, - дейді Айбек. - Ал ондайлардың қаншасы келіп жүргені белгісіз. Мұнда кімнің қайда істейтінін сұрамайды ғой. Мынадай бір жағдайды білемін: өте танымал эстрада әншісі (көптеген қыздардың сүйіктісі) 100 мың доллармен келді де, бәрін ұтқызып алды. Сосын 10 мың доллар тұратын сағатын ломбардқа салды. Бірақ оны да ұтқызды. Артынан Алматыдағы танымал әнші досына телефон соқты. Ол 40 мың доллармен келді. Оны да ұтқызып алды. Кейін тағы бір досы келіп, “Гелендвагенін” ломбардқа қойды. Сосын ұтқызғандарының бәрін қайтарып, тіпті 200 мың доллар ұтып алды. Сөйтіп, дер кезінде кетіп қалды.