Оспан батырдың дүниеден өткеніне 60 жыл

2
1935

1212Оспан батыр Сіләмұлы (1899-1951 жж.) Өр Алтайдағы ұлт азаттық көтерілісінің әйгілі қолбасшысы. Ұлт рухына жоқшы болған даланың соңғы нояны.
Оның ерлігі қазіргі Шығыс Түркістан аталатын ежелгі түркі даласын жат табанынан қорғау жолындағы елі мен жері үшін бел шешпей күрескен қайтпас қаһармандығымен аңызға айналған. 1930-1940 жылдардан басталған Өр Алтайдағы ұлт азаттық қозғалысына жетекшілік еткен ол бір жағы Кеңес одағы, енді бір жағы Моңғолиямен шектесетін Алтай даласында отарлаушы Қытай билігіне қарсы қанды соғыс жасаған.
1951 жылы 19 ақпан күні Қытайдың Гансу өлкесінің Хайзы деген жерінде қытай коммунистері жағынан қолға түскен батыр сол жылдың 29 сәуірінде Үрімжі қаласында өлімге өкім етілді.
Үстіміздегі жылдың 29 сәуірінде батырдың арамыздан кеткеніне 60 жыл толып отыр. Осыған орай Алматы қаласында Оспан батыр рухына арналған арнайы ас ұйымдастырылмақшы.  Батырдың рухына арналған ас 29 сәуірде «Түркістан-Ислам» мәдениет орталығында өткелі отыр.

2 ПІКІРЛЕР

  1. Осындай өтірікті қайдан табасыңдар. Бұл сөзді қазаққа қаарсы қызыл үкімет қана ойдырып шығарған, кезінде Оспан батырды жаман көрсету үшін.Жауың сенің батырың жөнінде не айтпайды. Кезінде Аттила туралы римдіктердің қандай жиіркенішті әңгіме-аңыз жасағанын білесіз ғой. Бұл да сондай!
    Ал несіпбекке айтарым:
    Рушылдықты қоятын кез келген секілді еді, ал сіз әлі көтеріп жүрсіз! Ұят емес пе! Найман дөртуілдер егер қытаймен бірлескен болса, Оспан батырмен соғысқан да шығар, өйткені Алтай қазақтары қозғалғанда іленің наймандары жым-жылас жатып алды ғой.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз