Сағынтаев діни тәрбиеге назар аударуды тапсырды
2017 ж. 09 мамыр
1736
0
ҚР Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын талқылау барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев діни тәрбие беруде әр адамның жүрегіне жете білу қажет деп атап көрсетті.
Премьер-Министрдің айтуынша, бұл тұжырымдама жалпы қоғам мен қоғамдық сананың тұрақты және үйлесімді дамуына, эволюциялық жаңғыруына ықпал етуі керек.
«Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесу барысында жас буынның діни сауатының төмендігіне айрықша назар аударған болатын. Сондықтан діни салада дұрыс тәрбиелік және ағартушылық жұмыстар жүргізуде күш-жігерді шоғырландырып, барлық тұжырымдамалардың бейбіт жүзеге асырылуына септесіп, келісімді нығайтуға жәрдемдесуіміз қажет. Халық даналығы: «Алланы өз жүректеріңізден іздеңіздер. Оны одан басқа еш жерден таба алмайсыздар», дейді. Сондықтан сіздер мен біздің мақсатымыз – әрбір адамның жүрегіне дейін жету», – деп атап өтті Үкімет басшысы.
З.Қабиололлаұлы
qazaquni.kz