Ешкім де, ешнәрсе де ұмтылмайды!
2017 ж. 04 мамыр
2084
0
«Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында Ұлы Отан соғысының жетпіс екі жылдығына орай Алматы қаласы әкімдігінің, «Қазақфильм» АҚ ұйымдастыруымен «28 Панфиловшылар» (реж. А. Шальопа) фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті.
Аталмыш фильм жауынгерлеріміздің ерлігін мәңгілік естен шығармау мақсатында «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!» деген ұранмен Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне арналып қойылды.
Кинотуындыда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Орта Азиялық әскери орталықта (Алматы қ.) генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың басшылығымен құрылған 316-атқыштар дивизиясының Мәскеу түбіндегі ерлігі жайлы баяндалады.
Кинокөрсетілім «Алатау» дәстүрлі өнер театрының киноқызмет бөлімінің жетекшісі Рита Халелқызының алғы сөзінен бастау алды. Көрсетілім барысында әдістеме бөлімінің жетекшісі Ғалия Нағиманқызы шағын баяндама жасап, кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болатынынайтты. Елімізді қорғаған сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алып, құрмет білдіргеннен соң жиналған ардагерлерге арналған фильм ұсынылды. Көрермендер арасында ата-аналары сол оқиғалардың куәгері болғандар да кездесті.
Фильмнен алған әсерлерін айта келе «Шаңырақ-2» Ардагерлер алқасының төрағасы Қобланов Марат былай деді:
– Бүгінгі көрген фильмнен «28 панфиловшылар» әскерлерінің, шын мәнінде, өз халқының нағыз батырлары екеніне тағы бір мәрте куәгер болдық. Жаумен шайқаста шекарамызды қорғау үшін қаншалықты алпарысқандары жақсы баяндалған. Міне, нағыз елге деген сүйіспеншілік пен ерліктің нақты үлгісі!
Фильмнен өте қатты әсер алдық. Әсіресе, соңғы эпизодтар еріксіз көзімізге жас келтірді. «28 панфиловшылар» ерлігі Ұлы Отан соғысы кезінде ерекше орын алды. Бұл Панфиловшылардың қайсарлығы – қазіргі жастар үшін батырлық пен жоғары патриоттық сезімінің жарқын үлгісі. Сол батырларымыздың ерлігі, өжеттігі барша жастарға өнеге, – деп өз пікірімен бөлісті «Алатау» ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жазитов Тегісжан.
Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Осылайша ардагерлеріміз ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, елімізге бейбітшілік тіледі. Естеріңізге сала кетейік, «28 Панфиловшылар» фильмі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей мәдениет министрлігінің қолдауымен түсірілген болатын.
qazaquni.kz