Жарайсың, ДИМАШ! Димаш Құдайберген Singer-2017 байқауында екінші орын алды (фото, видео)

4
2805

Қытайдың Чанша қаласында көптен күткен Singer-2017 байқауы мәресіне жетті. Өкінішке орай Димаш Құдайберген Гонконг әншісі Sandy Lam-ға жол берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұйырмаған жеңіс: Димаш Құдайберген Singer-2017 байқауында екінші орын алды (фото)

Байқаудың финалында қазақстандық әнші қытайлық танымал әнші Шан Вэньцземен қосылып, Майкла Джексонның – Earth Song и Dangerous әнін орындаған.

Бұйырмаған жеңіс: Димаш Құдайберген Singer-2017 байқауында екінші орын алды (фото)

Осы байқаудағы Димаштың басты қарсыласы – гонконгтық Sandy Lam болды.

Бұйырмаған жеңіс: Димаш Құдайберген Singer-2017 байқауында екінші орын алды (фото)

Финалдың алдындағы рейтингте Sandy Димаштан небәрі 0,15 баллға озып тұрған.

Айта кетейік, жеңімпаздардың тағдырын көрермен залында отырған 500 адам шешті.

Бұйырмаған жеңіс: Димаш Құдайберген Singer-2017 байқауында екінші орын алды (фото)

Олар ақыры жеңісті тартысқа толы бәскеде барлық кезең бойынша Димашпен теңбе-тең келе жатқан Sandy Lam-ға берген.

Финалдың трансляциясы Астана уақытымен сағат 20.00-де Қытайда басталды. Ал байқаудың қорытындысы шығып қойды.

Бұйырмаған жеңіс: Димаш Құдайберген Singer-2017 байқауында екінші орын алды (фото)Еске сала кетейік, Димаштың даңқын асқақтатқан Қытайдағы Singer-2017 байқауы 21 қаңтар күні басталған. 14 кезеңнен тұратын байқауда қазақ баласы үнемі үздіктердің қатарынан көрініп, өзінің талантты екенін дәлелдеді.

Миллиардтардың жүрегін жаулаған Димаш «China Top music Awards» марапатының «Азияның ең танымал әншісі» атағын жеңіп алды.

Бұған қоса әнші 17th China Music Awards шарасында «Халықаралық деңгейдегі танымал әнші» жүлдесіне де ие болды.

Байқаудағы жеңілісіне қарамастан Димашты әлем таныды. Оның өнері мен ешкімге ұқсамайтын ерекше даусына Лара Фабиан мен атақты Джеки Чанның өзі таңданды. Тіпті, қазақ баласы танымал голливуд фильмінің саундтрегін де орындады.

Видео tengrinews.kz сайтынан алынған

4 ПІКІРЛЕР

  1. Димаш нағыз қазақтың қандай болатынын жан-жақты көрсеткен сегіз қырлы, бір сырлы азамат! Мен Димашты ХХІ ғасырдың Әміресі деп ойлаймын. Қазақы тәрбие, тағылымды отбасының жемісі қандай болатынын танытқан қазақтың қара баласын Алла аман сақтасын!

  2. 21 ҒАСЫРДА, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ, ӨЗ АНА ТІЛІН- ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕНСІНБЕЙТІН, АНА ТІЛІН- ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫП ҮЙРЕНУДЕН БАС ТАРТЫП, ОРЫСША БІЛГЕНДЕРІН ЖӘНЕ ОРЫСША СӨЙЛЕГЕНДЕРІН МАҚТАН ЕТІП, ҚАЗАҚ ЕЛНДЕ РЕСЕЙ ТІЛН ҒАНА БІЛІП, БИЛІКТЕ, САЯСАТТА ТАҒЫ БАСҚА САЛАДА ЖҮРГЕН ҚАЗАҚТАР, ДИМАШҚА ҚАРАҢДАР, СОДАН ҮЛГІ АЛЫҢДАР, 40,50,60,70 КЕЛІП ӨЗ ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛМЕЙТІН, МОЙЫНДАМАЙТЫН, БІЛГІСІ КЕЛМЕЙТІНДЕР ДИМАШ СЕНДЕРГЕ КӨРСЕТТІ, ЕНДІ МИЛАРЫҢ ЖЕТСЕ, ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАЙТЫН КЕЗ КЕЛДІ. ҚАНША ЕЛДІҢ ТІЛІНДЕ ӘН АЙТТЫ, БІРАҚ МИЛЛИАРДТЫҢ АРАСЫНДА ӨЗ ЕЛІНІҢ АБЫРОЙЫН, ҚАЗАҚ ТІЛІН, ҚАЗАҚТЫҢ МӘДЕНИЕНТІН ЖОҒАРЫ ҰСТАП, ҚАЗАҚТЫ ТАНЫТТЫ. ДИМАШ, РАХМЕТ САҒАН, СЕН СӨЗСІЗ ЖЕҢІМПАЗСЫҢ,

  3. иа, димаш жасандылық пен жаттандылықтан аулақ қалыпқа сыймайтын әнші екенін көрсетті. жақсы әсерлі болды. ешкім күтпейтін оқыс шешім, қимылдары бар. табысы жаман емес. жеңісі, атақ, сыйлықтары құтты болсын, димашжанның!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз