Димаш I am a Singer жобасының финалына шықты

Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am a Singer жобасының 10-кезеңіңде үшінші орын иеленіп, ақтық кезеңге жолдама алды. Бұл туралы әншінің жанкүйерлері әлеуметтік желіде жарыса жазуда, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.

[caption id="attachment_1441572" align="aligncenter" width="637"]Димаш Қытайдағы байқаудың финалына шықты (видео) Димаш Құдайберген[/caption]

Атап өту керек, аталмыш кезеңде Димаш өз репертуарындағы "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындаған. Бір ерекшелігі, бұл әннің авторы Димаштың өзі болып табылады.

Байқаудың барлық кезеңдерінде үздік өнер көрсетіп, жоғары ұпайға ие болған әнші келесі кеңезге қатыспай, бірден ақтық финалға жолдама алып отыр.