ИДЕОЛОГИЯМЫЗ ДА, ИДЕАЛЫМЫЗ ДА БАЯН БОЛЫП КЕТТІ МЕ?
2017 ж. 03 наурыз
2298
2
...Былтырғы сайлау науқаны кезі болатын. Мектептен келген немерем үйге айқайлай кірді.
-Ата, мен Баян Есентаеваны көрдім!
-Е, қайдан? Мектепке келді ме?
-Жоқ, мектептің алдындағы плакаттан. "Нұр Отан" екен ғой.
Мырс еттім де қойдым. Жуырда сол немерем жүрегімді тағы зырқ еткізді. Қыз бала ғой, қатты зекімедім. Баянның байынан таяқ жегенін, оның сотталғанын, енді тағы біреуге күйеуге шығайын деп жатқанын тəптіштеп айтып отыр. Не дейін? Аталарымыз атқа теріс мінгізіп, тас ататын қылық жасаған адам бүгінгі ұрпақ үшін идеалға айналды. Енді міне Ұлттық Бірыңғай Тесттің сұрақтарының ішінде жүр. Сағадиевтің көзіне шел бітпесе мұның масқара екенін білуі керекті. Əлде, шынымен де идеалымыз да, идеологиямыз да Баян болып кетті ме?
Арман Сқабылұлы,
Фейсбук парақшасынан