«МӘҢГІЛІК ЕЛ» – ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ
2017 ж. 28 ақпан
2862
4
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,тарих,археология және этнология факультеті және «Ақ жол»демократиялық партиясының ұйымдастыруымен «Алаштану» орталығында Алаш идеясының 100 жылдығына орай жас ғалымдар арасында ұлттық идеяға айналған «Мәңгілік ел» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Биылғы жылы Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады. Ұлттық демократиялық қозғалыс қазақ мемлекеттігін мақсат тұтты. «Мәңгілік ел» – еліміздің шексіз өмір сүруі, дамып өркендеуі. Дөңгелек үстелде қазақ халқының тарихындағы және мемлекеттілігіндегі «Мәңгілік ел» идеясының алатын орны және оның маңыздылығы талданып, қазіргі заманғы ұлттық бірегейліктің қалыптасуына назар аударылды. Қазақстанның жаңа жаһандық жаңғыруының мәні мен мазмұны сараланып, тереңде жатқан тарихымызды түсіну көзделді.
Алғашқы сөз Тарих, археология және этнология факультеті деканының орынбасары, доцент Ақжамал Оразбаева мен «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетінің президенті, ақын, Қазыбек Исаға берілді.
Сондай-ақ, шара барысында «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Ақжолов сөз алып, партияның жастармен бірлесе атқарып жатқан істеріне тоқталды.
Жиынды қорытындылаған ақын Қазыбек Иса жастарға өз кеңесін беріп, қазақ тілін құрметтеп, ана тілінде сөйлеуге шақырды. Дөңгелек үстел аясында «Мәңгілік ел – ежелгі түркілер арманы», «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы –Тәуелсіздік», «Қазақстанның жаңа жаһандық жаңғыруы, тарихы мен болашағы» сынды тақырыптағы мәселелер қарастырылды.
Әйгерім АЙТМҰХАМБЕТ
qazaquni.kz