Қыдырәлі Болманов елді КСРО-ның мерекесімен құттықтады (фото)
2017 ж. 23 ақпан
3477
3
Танымал әнші Қыдырәлі Болманов еліміздің барша ерлерін 23 ақпан - бұрынғы Отан қорғаушылар күнімен құттықтады деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл құттықтауын ол өзінің желідегі парақшасында жазды.
Өзім де "арнайы батальонда" әскери борышымды ақ, адал атқардым. Әскер - ер баланы азаматқа, елін қорғар батырға айналдырады, Отан деген қасиетті ұғымды жүрегімен қабылдатқызады, темірдей тәртіпке үйретіп, темірдей жігіттер тәрбиелейтін бірден-бір мектеп.
Құттықтауды жаза отырып, өзіммен бірге әскерде болған барлық жауынгерлерді құттықтаймын", - деген әнші желі қолданушыларынан ескі мейраммен құттықтап жатқаны үшін кешірім сұрады.
"Ескі мейрам деп ренжімеңіздер. Біз үшін осы күн еш ұмытылмайтын шығар. Мектепте қыздар сызғыш пен өшіргіш сыйлайтын", - деп есіне алды әнші.
Оны естіген желі қолданушылары оның бұл құттықтауына қатысты түрлі пікір қалдырды. Бірі мерекенің қазақ елі үшін маңызы жоқ екенін айтса, екіншілері әншінің құттықтау сөзіне алғыс білдірді.
Еске сала кетейік, Елбасы жарлығымен елімізде Отын қорғаушылар күні ретінде 7 мамыр белгіленген.