Димаштың қытайлық жанкүйерлері Абайдың өлеңдерін жаппай жаттауға көшті

Қытайда өтіп жатқан халықаралық "I am singer" байқауының қатысушысы, қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлері қазақтың бас ақыны Абайдың өлеңдерін қытай тіліне аударып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Димаштың қытайлық жанкүйерлері Абайдың өлеңдерін жаппай жаттауға көштіБұл туралы әншінің досы әрі менеджері Алпамыс Шәрімов өзінің instagram-дағы парақшасына жариялады.

"Кеше кешкісін Димаш өз инста парақшасына Абайдың өлең жолдарын жариялаған болатын. Өзінің көңіл-күйі, я ұнатқандықтан болар, әйтеуір жариялады! Не деген құдірет десеңізші?! Фанаттары (тек Қытай елінің емес) лезде Абайдың өлеңдерін өзге тілдерге аударып, Абайды зерттеуге кірісіп кеткен екен! Бір жанкүйерлері тіпті өлеңді жаттап алып, "Ұлы ақынды неге бұрын білмегенбіз?" деп webo парақшасына жазыпты! Сөзім жоқ!..", - деп жазды ол.

Димаштың қытайлық жанкүйерлері Абайдың өлеңдерін жаппай жаттауға көшті