Қырғыз режиссері: Назарбаев Қырғызстанда өскен
2017 ж. 01 ақпан
2103
0
Қырғыз режиссері Омурзак Толобеков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы "Мировой Назарбаев" деп аталатын фильм түсірді деп хабарлайды knews.kg басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.
Фильмді түсірушілердің айтуынша, Назарбаев біраз жыл Қырғызстанда тұрған екен. Президент өміріндегі дәл осы кезең фильмде көрініс тапқан.
«Оны таныған, бірге дос болған көптеген адамдарды тауып алдық. Олар бізге қызықты сұхбат берді. Назарбаев Қырғызстанда өскен. Біздің тілімізді, халқымызды, мәдениетімізді жақсы біледі. Қазір Қазақстанда шамамен 300 мың қырғыз азаматы жүр. Оған осы үшін алғыс білдіреміз", - деді Омурзак Толобеков.
Кино авторларының айтуынша, Қазақстан президенті фильммен танысып шыққан. Фильмнің кей тұстары оның жас кезін есіне түсіріп, өткен өмірін көз алдына әкелген. Продюсерлер жоба жеке қаражатқа түсірілгенін атап өтті. Фильм бюджеті 20 мың долларды құрайды.