Алмас Алматов: Өзбектердің «Алпамыс батыр» дастанын иелеп алуға хақысы жоқ
2017 ж. 28 қаңтар
7458
6
...«Мұсылман болу әсте-әсте, кәпір болу бір пәсте» демекші, Кеңес одағының құрамындағы түркі тілдес елдер ұмытуға айналған ұлттық салт-дәстүрін қайта жаңғыртып жатыр. Соның бірі – ата-бабадан мұра болған жыраулық дәстүр. Жыраулық дәстүр – түркі тектес халықтар әдебиеттерінің бастау бұлағы. ...Бір өкініштісі – осыдан бірнеше жыл бұрын бас қосқанымызда жыраулық дәстүрді жоғары білім дәрежесіне көтеру жөнінде келіскен едік. Алайда Қазақстаннан өзге елдер әлі күнге дейін бұл мәселеге атүсті қарап келеді. Құдайға шүкір, Қызылорда мемлекеттік университетінің қабырғасында «Дәстүрлі музыкалық өнер» атты мамандық енгізілді. Жыраулық дәстүр мен жыраулық өнерді қайта жаңғыртып, ғылыми тұрғыда дамыту мақсатында кафедра да ашылды...
...Өзбек ағайындардың «Алпамыс батыр» дастанын басыбайлы иелеп алуға хақысы жоқ. «Алпамыс батыр» дастаны - бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ мұра. Керек болса, “Алпамыс батыр” дастанын өткен ғасырдың басында түрколог ғалым В.Радлов: “Алпамыс батыр” – қазақ халқының дастаны” деп бүкіл әлемге жариялап жіберген... Бұл дастанды қазақтың бар баласы біледі...»
Жыршы Алмас Алматовтың «Алпамыс батыр» дастанының 1000 жылдығына орай Өзбекстанның Термез қаласында 1999 жылы өткізілген халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінен
Қали Жолдасовтың Фейсбук парақшасынан алынды