Дәстүрлі әнші Еркін Шүкімановтың шығармашылық кеші өтеді

image

5-ші ақпанда дәстүрлі әнші Еркін Шүкімановтың шығармашылық кеші өтеді. Кеш «Алатау» дәстүрлі өнер театрында болады, - деп хабарлайды Қамшы.

Еркін Шүкіманов қазақтың дәстүрлі әнін насихаттап, өнерімен халықты тәнті етіп жүрген әнші, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».

Еркін Шүкіманов 1973 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданының Жарбұлақ ауылында туған. 1990-96 жылдары Семейдегі Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеттің қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде оқыған. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.