"МАНИ-МАНИ" - ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНДА САХНАЛАНДЫ

Қазақ өнерінің қарашаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында ағылшын драмматургі Рэй Кунидің «Әзәзіл ақша»   комедиясының аудармасы бойынша режиссер Есләм Нұртазин «Мани-мани» қойылымын сахналады. Талантты режиссер «Мани-мани» комедиялық қойылымы арқылы адамдардың ақша үшін бәріне дайын екенін көрсете білді. Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі көк қағаз үшін адамдар өздерінің табиғи  болмысынан айрылуда. Ал сахналанған комедия желісінің аясында 1 млн. 750 мың фунт стерлинг отбасы мүшелерінің шынайы болмысын ашып көрсетті. Қойылым бас кейіпкер Генри Перкинстің өзінің туған күнінде бір чемодан ақша тауып алуымен басталады. Одан арғы оқиға оның отбасында өрбиді. Ешқашан өтірік айтпайтын шыншыл Генри ақша тапқан күннен бастап түбегейлі өзгеріп шыға келеді. Генри Перкинс тіпті әйелімен басқа мемлекетке қашып кетуді де көздейді. Комедиялық жанрдағы бұл қойылым көрермендеріне күлкі сыйлай отырып, терең ойға шомдырды. Әсіресе басты рөлді сомдаған Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері Асылбек Боранбайдың актерлік шеберлігіне көпшілік қауым тәнті болды. Оны көрерменнің көрсеткен қошеметінен-ақ айқын аңғаруға болады. Е.Нұртазин жас та болса театр сахнасында аянбай еңбек етіп келе жатқан талантты режиссер. «Мани-мани» қойылымы өз кезегінде көрерменнің көңілінен шықты.   Әйгерім АЙТМҰХАМБЕТОВА Ясауи атындағы ХҚТУ-нің 4-курс студенті qazaquni.kz                                                 Қойылымның бас кейіпкері Генри Перкинстің рольін актер Асылбек Боранбай жоғары деңгейде ойнап шықты. Қойылым көрермендерін күлкіге бөлеп, актерлер шеберлігімен таң қалдырды. Бас аяғы 7 персонаждан құралған қойылымның мағынасы 1миллион 750 мың фунт стерлингке келіп тірелді.