Мен Жұмақтан бас тартам! Арамтамақ әрі қатынқұмар болғым келмейді! - ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
2017 ж. 16 қаңтар
7387
22
Бүгінде Фейсбуктің алуан түрлі пікір алаңына айналғаны аян. Әркім өз ойындағыны жазып жатады. Ал соңғы кездері белгілі ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлының афоризм тектес жазбаларына әлеуметтік желі қолданушылары көп назар аудара бастады. Өйткені ол ойын өте қысқа жазады әрі онысы өзгелерден өзгеше.
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы Фейсбуктегі соңғы жазбаларының бірінде "Мен Жұмақтан бас тартам! Арамтамақ әрі қатынқұмар болғым келмейді!" деп салды. Бұл, әрине, қоғамда қарама-қайшы пікір тудыратын сөз. Біреу бұның не мақсатпен жазылғанын түсінсе, енді біреу ақынды түсінбей жатыр. Біз осы жазбаның астындағы кейбір пікірлерді оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Маңдайлы Қосымбай: Жұмақта еркектерді не күтетіні белгілі болды. Əйелдердің халі нешік болады екен?
Ауыт Мұқибек: Сізді жұмаққа барады деп кім айтты?
Сарсенбай Қалибек: Тек ақымақ адам ғана жұмақтан бас тарпақ. Тозақ деген өте жаман орын.
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы: Онда сіздердей данышпандардың қасында жүруден ұялғандықтан, алдын-ала осындай шешімге келіп отырмыз, Сәрсеш.
Сарсенбай Қалибек: Атеист боларсыз. Не пұтқа табынушысыз ба ?
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы: Ата Тілім мен Ұлттық Дүниетанымым аман болсын! Пікірлесу мәдениетін білмегендіктен, бірден оппонентінің жеке басына соқтыға бастайтын сіздердей "көркеммінезді мұсылмандар" да аман болсын, ардақты Сәрсеш!
Қанат Байкенже: Жаратушының шын жүзін бір көрсе сіз көрерсіз, Тыныштықбек аға. Жаратылыстың құдіретін ақыннан басқа кім жете түсіне алар дейсіз. Ал діни догмамен миы уланған фанатиктердің құдайының жұмағы да, тозағы да өздеріне бұйырсын. Олардың дүниетанымы еш ақылға сыймайды, бірақ сол дінге ұйып өз тегінен, болмысынан жерініп жүрген надандардың көптігі қынжылтады.
Койшыбек Мүбәрак: Көке-ау! Бара алмайтыныңызды біліп қойып, алдын-ала жол тауып жатқан жоқсыз ба?
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы: Дәл Құранда баяндалғандай Жұмақтың маған шынында да текке қажеті жоқ. Біз ол жайында былтыр көптеген дүниелер жазғанбыз, қадірлі Қойшыбек.
Дереккөз: Караван