Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының мамандары мұрағаттық материалдар бойынша Хасен Оралтайдың сөйлеген сөздері негізінде құрастырылған бес дисктің тұсаукесері жасалды, деп хабарлайды BAQ.kz.
Астанада Хасен Оралтайдың аудиокітабы жарық көрді
2016 ж. 29 желтоқсан
2985
0
"Хасен Оралтай – көрнекті қоғам қайраткері, белгілі журналист-публицист әрі тарихшы. Хасен Оралтайдың жеке мұрағатындағы кітапар, бірқатар құжаттар Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жеткізілген мақалалары, бағдарламаларының жазбалары Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қорына тапсырды. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының мамандары мұрағаттық материалдар бойынша Хасен Оралтайдың сөйлеген сөздері негізінде бес диск шығарды" - дейді кітапхана қызметкерлері.
Бес бірдей дискінің әрқайсысының өзі міндеті, өз атауы бар.
1 – «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл»,
2 – «Манаш Қозыбаев қазақ мемлекеттілігі жайлы»,
3 – «Шығыс Түркістан азаттығы үшін күрес»,
4 – «Желтоқсан оқиғасына 5 жыл»,
5 – «Алаш зиялылары».
Хасен Оралтайдың жазбалары қазақ халқының тарихын, әдебиетін зерделеуге қосылған өлшеусіз үлес болып отыр.
Бұл бес дискден бөлек Хасен Оралтай қазақ халқының тарихына қатысты бірнеше кітаптар жазды:
«Қазақ түріктері» (Измир,1961),
«Ұлы түрікші Мағжан Жұмабайұлы (Измир, 1965),
«Шығыс Түркістан тарихындағы басты мәселелер» (Стамбул, 1975)
«Коммунизммен шайқас» (Измир, 1965), т.б..
1968 жылы Хасен Оралтай «Азат Еуропа»/«Азаттық» Радиосының Қазақ радиосына жұмысқа шақырылды, сол кезде радионың бас кеңсесі Германияның Мюнхен қаласында болатын. Хасен Оралтай 1988-1995 жылдар аралығында «Азаттық» Радиосының қазақ бөліміне басшылық етті. 1995 жылы бас редакция Прагаға көшті, сол кезеңде Хасен Оралтай зейнет демалысына шықты. Өмірінің соңғы күндеріне дейін Х. Оралтай қазақ эмиграциясы көшбасшыларының бірі ретінде белсенді қоғамдық қызметін жалғастырды. Қазақстанның Тәуелсіздігі жылдарында журналистің шығармашылық қызметі Қазақстан Үкіметінің назарынан тыс қалған емес. 2007 жылы Хасен Оралтай Қазақстан Журналистика академиясының БАҚ саласындағы жалпыұлттық «Алтын Самұрық» мәртебелі сыйлығымен марапатталған.