Ислам Каримовтың басына кесене орнатылады
2016 ж. 20 желтоқсан
3505
1
Самарқанда Ислам Каримовтың мазарының басына кесене орнатылады. Желтоқсанның 19 күні "Ислам Каримовтың мемориалдық кешені" жобасын талқылау шаралары өтті. Бұл туралы Өзбекстанның "Озодлик" сайтына сілтеме жасап "Қазақ Үні" ұлттық порталы хабарлайды.
[caption id="" align="aligncenter" width="800"] Ислам Каримов жерленген Самарқандағы Шахи-Зинда тарихи кешені[/caption]Өзбекстанның Мәдениет және спорт істері министрлігінің Мәдени мұраларды қорғау бойынша Бас ғылыми-атқарушы басқармасының мамандары хабарлағандай, аталмыш кесене құрлысын жүргізу үшін Үкіметке екі жоба ұсынылған.
Біріншісі, "Имам-Әл-Бұқари мемориалды кешеніне" ұқсас, жалпы көлемі 200 шаршы метрді құрайтын алып кесене болса, екіншісі, көгілдір және ақ түстермен безендірілген минареттері бар алып кешен жобасы. Екі жоба да жіті бақылаудан өтіп, соның нәтижесінде Өзбекстанның Рухани басқармасымен бірігіп жаңа жоба әзірлеу тапсырылған.
Аталмыш кесененің құрылысына қанша қаражат кетеді деп ойлайсыз? Белгілі Алматылық мүсінші Ербосын Мелдібековтың айтуынша, 2006 жылы Түркменбасыға орнатылған алып кесенеге 170 миллион АҚШ доллары кеткен болатын.
Еске сала кетейік, Ислам Каримов Самарқандағы Шахи-Зинда тарихи кешенінде жерленген. Бүгінгі тағда Өзбекстанның экс-Президентінің есімін мәңгі ел жадында қалуы үшін Тәшкендегі "Джурабек" мешіті "Ислом-ота" мешіті деп аталды.
qazaquni.kz