Дархан Қыдырәлі. КӨК БӨРІ
2016 ж. 16 желтоқсан
14844
2
Айға қарап көктегі,
Ішін тартып ұлығанда көк бөрі,
Мазалайды көп мені,
Бабалардың бөрі болып өткені...
Аспанымды торлады да қара бұлт,
Запыранға толды кеудем кек керген.
Жүрегімді жүре бермей жара ғып,
Айтарымды айтып кетем, текке өлмен!
Бас тартпаймын суық көрден - сыз, дымнан,
Жүрмесем де өлімге тым құмартып.
Өлексемен жүз жасаған құзғыннан,
Көк бөрі боп бір күн жортқан мың артық!
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ
1991 жыл
qazaquni.kz