Үздік кітапханашылар Болгарияға жолдама алды (ФОТО)
2016 ж. 13 желтоқсан
2143
0
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында кітапханасында салтанатты жиын өтті. Бұл туралы "Қазақ Үні" ұлттық порталының тілшісіне ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың баспасөз қызметі хабарлады.
Осы жиында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінен Серғазы Тәуекелов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Ұлттық академиялық кітапхана ұжымына құттықтау хатын жеткізіп, Қазақ радиосының директоры Махат Садық пен Қазақ радиосы әдеби-сазды бағдарламалар редакциясының жетекшісі Ләззат Қапышеваға, сондай-ақ кітапхананың 22 маманына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атынан Құрмет грамотасын табыстады.
Сондай-ақ Қазақ радиосының директоры Махат Садық пен Қазақ радиосы әдеби-сазды бағдарламалар редакциясының жетекшісі Ләззат Қапышева да қатысты.
Махат Кәбірұлының айтуынша, Қазақ радиосы мен Ұлттық академиялық кітапхананың ұжымы бірлесіп «Радио-Кітапхана» жобасын сәтті жүзеге асырып келеді. Алдағы уақытта бұдан да ауқымды жобаларға бастамашы бола беренімізге кәміл сенемін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева кітапхананың тағы бірқатар мамандары мен кітапхананың серіктерстерін алғыс хаттармен, диплом және сертификаттармен марапаттады.
Бұдан бөлек, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Үздік кітапханашысы – 2016» байқауының жеңімпаздары Арай Қадылбек, Бақытқайша Сәрсенбаева және Дияр Молдағұлов кітапхана атынан Болгарияға бір жетілік Жолдама алды.
Сонымен қатар, «Үздік тәлімгер – 2016» номинациясы бойынша жеңімпаздар Маргарита Кенжеева, Гүлмира Акчурина, Бахыт Жұмабекова, Роза Шәкімова арнайы Дипломмен марапатталып, кітапхана атынан Қостанай облысындағы «Сосновый бор» санаторийіне жолдама алды.