Серік Жанболат. ОРЫС ТІЛДІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ БОЛА МА?
2016 ж. 04 желтоқсан
4160
14
Өткенде Жолымбет Мәкіш бауырым біз үшін өте бір күрделі мәселе көтеріпті. Былай жазыпты: "Екі қазақ жігіті Англияға барады. Біреуі орысшадан басқаны білмейтін жазушысымақ болса, қасындағысы қазақшаның майын тамызып сөйлейді екен. Лондонда екеуі әлдебір мықтымен кездесіп, қазақша мен ағылшыншаны бірдей меңгергені орысша сөйлейтін (русскоязычный писатель) әріптесін әңгіменің орайы келгенде ағылшынның жазушысымен таныстырыпты. Өзін «орыстілдіқазақ жазушысымын» деп атаған әлгі дүбәра немеге ағылшынның мырзасы қатты таң қалып, былай деген көрінеді: «Онда сіз орыс жазушысы болдыңыз ғой!» Мен үн қаттым Жолымбеттің жазбасына былай деп: "Ағылшын басқаша түсінбесе, басқаша қалай айтады? Оныкі - дұрыс. Санасы - таза. Біздегі мәймөңкені түсінбейді ол. Шарль Азнавурды қанша армян десең де ол француз мәдениетінің ұлы өкілі болып қала береді. Француздың ұлы ақыны Аполлинерді поляк деп қалай айтасың? Фазиль Искандер орыс әдебиетінің өкілі болып қала бермей ме? Сондықтан, әдебиет пен мәдениеттің өкілін ұлтына қарап тану - дұрыс болмайды менің ойымша. Айналып келіп Олжасқа тірелеміз. Сол Олжасты қазақ әдебиетінің өкілі дей аласыз ба? Жоқ. Әйтпесе, Пушкинді орыс тіліндегі араб әдебиетінің өкілі деуіміз керек шығар?". Сіз не дейсіз?