Діни басқарма Мұхамеджан Тазабековтің Бас мүфти болмайтынын айтты
2016 ж. 30 қараша
3493
3
Бас мүфти болатын адам ханафи мәсхабын ұстануы керек дейді
Діни басқарма еліміздегі салафизм ағымына қосылғандардың портретін жасады деп хабарлайды КТК арнасы.
"Ең бірінші себебі бұл білімсіздік. Көбісі интернеттен дәріс алады. Оның ар жағында кім отырғанын білмейді. Сондықтан имам, теологтармен, жеке әңгіме барысында, олар өздерінің исламнан толық хабардар емес екенін, қайдағы бір интернеттегі мәліметтерді өздеріне сіңіргенін мойындады", - дейді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Сондықтан мүфтиат лаңкестігі үшін сотталған 400 астам адамды бөлек түрмеде ұстауды қолдап отыр. Тіпті түрмелерге барып дінінен адасқандарды райынан қайтарып жүр екен.
Сондай-ақ, Діни басқарма Бас мүфти ауысады деген ақпаратқа қатысты да мәлімдеме жасады. Өйткені соңғы күндері «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков Діни басқармаға басшы болып тағайындалады екен деген ақпарат тараған.
Басқармадағылар болса қазіргі төраға Ержан қажы Малғажыұлы қызметтен кетпейді деп отыр. Оның үстіне Бас мүфти болатын адам ханафи мәсхабын ұстануы керек дейді.