Белоруссия президенті Лукашенко Құранды сүйіп, маңдайына басты (ФОТО)

Белоруссия Президенті Александр Лукашенко Минскіде мешіт ашу рәсіміндегі қылығы әлем мұсылмандарын тақырқатты. Бұл туралы islamnews.ru порталына сілтеме жасап qazaquni.kz ұлттық порталы хабарлайды.

Лукашенко и Коран. Белорусский лидер поразил мир этим исламским жестом

Шара аясында Түркия Республикасының басшысы Режеп Тайып Ердоғанға Белоруссияның Бас мүфтиі атынан Құран тапсырылды. Өз кезегінде Ердоған Құранды сүйіп, маңдайына басты. Артынша Белоруссия Президенті Александр Лукашенко да бұл әрекетті қайталады.

Белоруссияның БЕЛТА ресми басылымы аталмыш фотоны жарияламаса да, Түркияның  Posta ақпараттық агенттігі суретті жариялап үлгерді.

qazaquni.kz