КЕЙКІ БАТЫРДЫҢ БАС СҮЙЕГІ ҚАЙДА ЖЕРЛЕНЕТІНІ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақ халқының осыдан 100 жыл бұрын өткен Ұлт азаттық көтерілісінің батыры, әйгілі Кейкі мергеннің бас сүйегі оның денесінің қай жерде екені анықталған соң, Қостанай облысы, Амангелді ауданының Тасты елдімекеніне жерленеді. Бұл туралы Сенатор Серік Ақылбай мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Картинки по запросу кейкі батыр

Сенатор мемлекеттік комиссияның шешімімен аталған ауылға жерленетінін айтты.

«Кейікі батырдың қайда жерленетіні анықталды. Осыған байланысты жақында арнайы отырыс өтті. 1916 жылдың даңқты батырын мемлекеттік комиссияның шешімімен өзі туған ауылға жерлеуді ұйғардық. Бұл Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Тасты деген ауыл» – дейді сенат депутатты Серік Ақылбай.

Оның айтуына қарағанда, Кейкі батырды жерлеуге белгіленген орынның қасында батырдың туысқандары тұрғызған мазар да бар екен.

«Бірақ, ол – тым жұтаң. Сол себепті де, Кейкі батырдың ерлік жолын, батырлық рухын кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде көрсеткіміз келсе, Кейкінің атақ-дәрежесіне сай кесене болуы керек. Осыған байланысты батырдың бас сүйегін жерлеу мәселесі бойынша құрылған комиссияның шешімімен мемлекет қаражатына зәулім күмбез тұрғызылатын болады. Және батырдың жерлеу рәсімі салтанатты түрде өтеді деп жоспарлап отырмыз» – дейді Серік Ақылбай.

Ол Кейкінің елге жеткізілген басын жерлемес бұрын атқарылуға тиіс тағы бірнеше шараның бар екенін айтты. Ол – Кейкі батырдың денесінің қайда екенін және жұбайының қайда жерленгенін анықтау. Сондай-ақ батырдың басқа да марқұм болған туыстарын анықтау.