Айдос Сарым: Қазақы ислам – қалыптасқан дүние
2016 ж. 29 қазан
3853
4
Белгілі саясаттанушы қазақ мұсылманы араб мұсылманынан мүлдем бөлек, деген сенімде. — Қазір түрлі сыншылар Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жеткілікті мөлшерде жұмыс істеп жатқан жоқ деген пікір білдіруде. Олардың айтуынша, жастар арасында миссионерлік жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ, әсіресе, түрлі жағдайлар туындап жатқан батыстағы жастар арасында. Десек те, басқа көзқарас та жоқ емес. Жастарды нанымға, мешітке емес, білім мен ғылымға жетелеу керек. Оқу орталықтарын құрып, кеңес үкіметі жүрген жолмен жүру керек дейді олар. Артқа қарай тартпай, 21 ғасырдың жоылмен жүрген жөн. Сіз қалай ойлайсыз?
— Менің ойымша, ақиқат осы екі көзқарастың ортасында. Біз біраз уақыт атеистік мемлекетте өмір сүрген халықпыз. Сондықтан идеялар күйреген кезде қоғамның қалай оп-оңай бұзылатынын көріп жүрміз.
— Мұны Сталин Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жақсы түсінді.
— Ол шіркеудің мәртебесін көтеріп, патриархия құрды.
— Мұсылмандықты да шетқақпайлаған жоқ.
Құрбан-айт пен Рождествоны мемлекеттік мерекелер тізімінен шығару керек
— Ол түсінікті. Дегенмен, атеизм өз алдына бөлек бір дүние ғой, бірлі-жарым адам болмаса, бүкіл қоғам қабылдай қоймас. Қалай болғанда да әр қоғамның өз құндылықтары болу керек. Ислам – біздің мәдениетіміздің, руханиятымыздың ажырамас бір бөлігі. Ол бізді қазақ етіп жаратқан дүние. Сондықтан біз одан бас тарта алмаймыз. Сонымен қатар, бізде көпшілік Стивен Хокингтің туындыларын бас көтермей оқиды деп те айта алмаймын. Осы арада мүлт кетпей, барлық тарапқа тиімді аралықты тапқан жөн. Егер адамдар қандай да бір нанымды өздеріне өмірлік қажеттілік деп тапса, оларға салт-дәстүрлерін атқаруға, өздерінің сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік берген жөн. Ал біз қоғамның авангарды немесе басқаша атайтын бөлігі үшін діни қағидалар заманауи білімге, ғылымның, ғылыми ілімнің дамуына кедергі келтірмейтіндей жағдай жасау керек.
Мен діни наным үшін адамдардың екпеден бас тартуын қараңғылық, анайылық деп санаймын
Адамдардың ауруларды жеңе білуге үйренуін адамзат қол жеткізген табыстардың бірі деп есептеймін. Оған мыңдаған дәрігерлердің жанқиярлық еңбегінің арқасында қол жеткізілді. Одан бас тартуға болмайды.
Менің ойымша, бізге дамудың дінді әр адамның жеке ісі ретінде қабылдайтын моделін таңдау керек. Дін мемлекеттік болмауға тиіс. Бізде зайырлы мемлекет жарияланған. Алайда біз барлық діндарлардың құқықтарына құрметпен қараймыз. Әрине, егер олар басқа азаматтардың құқықтарына кедергі келтірмесе. Сонымен қатар,
мемлекеттің беделін арттыру үшін белгілі деңгейде діндарларға жағынуы жөн емес деп ойлаймын. Сондықтан, егер біз зайырлы мемлекет болсақ, Құрбан-айт пен Рождествоны мемлекеттік мерекелер санатынан шығару керек.
Біз онсыз да аз жұмыс істейміз. Еңбек өнімділігі де соншалықты жоғары емес.
— Мұныңызбен келіспеймін. Германияда бүкіл Европа бойынша ең ұзақ еңбек демалыстары және демалыс күндері де бәрінен көп, солай болса да өнімділік те ең жоғарғы деңгейде.
— Есесіне, Франция көптеген мейрамдардан бас тартып, жұмыс күнін де ұзартып жатыр.
Салафиттер неліктен Шымкентте ықпалын жүргізе алмады?
— Сұқбаттарыңыздың бірінде сіз Қазақстанның батысында салафизмнің ықпалы күшті деген едіңіз.
— Батыста ғана емес. Орталық Қазақстанда да, оңтүстікте де.
— Оңтүстікте ол соншалықты күшті емес. Мүмкін, ол жақта қасиетті жерлердің көп болғанынан шығар?
— Иә. Өйткені көп ретте оңтүстікте дәстүрлі қоғам бұзылмаған.
Салафизм дәстүрлі қоғам – мейлі, ол зайырлы, мейлі, қазақи болсын — күйреуге ұшыраған аймақтарда тамырын тереңге жайған
Экстремизмге тойтарыс берген дәстүрлі қоғам ауыл шаруашылығы құлдырауға ұшырап, жахандану қанатын кеңге жайған жерде сақталған. Ал дәстүрлі әдет-ғұрыптар жастарға дұрыс бағыт-бағдар беретін ақсақалдар жоқ, діни сауаты төмен молдалар шоғырланған жерлерде күйреуге ұшырады. Ол жерлерде салафизм тамырын тереңге жайып, өркендеді. Жезқазған Орталық Қазақстанда. Ал оңтүстікте қаймағы бұзылмаған қалың қазақ отыр, сондықтан ол жақта дәстүрлі қазақ ауылдары сақталған.
Қазақы ислам – қалыптасқан дүние
— Қазақтың ұлттық дәстүрі өте күшті. Олардың табиғаты экстремизмді қабылдамайды. Мен бұрын да айтқам, қазірде қайталап айтамын:
дәстүрлі қазақ қоғамы экстремалдық және радикалдық ағымдардан бойын бөлек ұстайды. Ол екі ортадағы дүние. Бұл біздің менталитетеміздің, яғни діліміздің ерекшелігі
Бұл уақыт сынағынан өткен. Ұнаса да, ұнамаса да «қазақы ислам» деген дүние бар. Мүмкін, ол тиянақталмаған, ғылыми және басқа әдебиет те көрсетілмеген шығар, бірақ ол бар. Өйткені
мұсылман қазақ, мұсылман индонезиялыққа, мұсылман түрікке, мұсылман арабқа қарағанда, табиғаты бөлек адам
Ұзақ уақыт өктемдік құрған кеңес заманындағы атеистік кезеңде дініміз қудалауға ұшырап, соның салдарынан, біздің дәстүрлер тұрғысынан біраз дүниемізден айырылып қалғанымыз өз алдына бөлек дүние.
Қазаққа араб болудың қажеті жоқ
— Басқа жағынан, 25 жыл өтті. Кеңес кезеңін несіне еске аламыз? Осы уақыт ішінде жаңа ұрпақ қалыптасты емес пе.
— Жоқ. Бос жерде ештеңе пайда болмайды. Біздің ата-бабаларымыз көп нәрсеге қол жеткізді. Еуропалық және араб жихангерлері – қазақтар – жақсы мұсылмандар деп жазған. Олар өз қағидаттарына берік. Біздің мазхаб, біздің діни түсінігіміз – жақсы дүние. Атап айтарлығы, біздің ата-бабаларымыз амалдап, басқа ислам орталықтарымен жақсы байланыс орнатып, балаларын оқуға жіберіп отырған. Қожа Ахмет Яссауиден бастап, ислам қағидаттарын көшпенді қазаққа түсінікті өлең сөзге аударған уағыз айтушы нишандар шоғыры болған. Қарап отырсақ, біздің мақал-мәтелдеріміз шариғаттан бастау алады. Олай болса, ислам біздің дүниетанымымызда. Біз оны түсінеміз бе, түсінбейміз бе, мойындаймыз ба, мойындамаймыз ба, оның маңызы жоқ, ол бар. Қазіргі мәселе, дәстүрімізді ол прогресске келтірмейтіндей және қоғамды күйретпейтіндей, біздің тарих тасқынында құрып кетпейтініміздей етіп қалпына келтіріп, замана ағымынан қалып қоймауымызда. Міне, осы ең күрделі философиялық мәселе болуы мүмкін. Біз салафиттер туралы әңгіме қозғап отырмыз. Бірақ біз бір нәрсені — батыстық жахандану бар екенін түсінуіміз керек. Ал бұл дегеніміз батыс өркениетінің баламасы. Бізге: «Жігіттер, батыс – жаман. Біз дін жолын ұсынамыз. Одан да жібі түзу араб болайық», — дейді.
Ал бізге араб болудың қажеті жоқ. Біз қазақ болып қалуымыз керек.
Бізге өзіміздің болмысымызды, нанымымызды сақтауымыз керек. Бізге діни философиямен және көзқарастармен қатар оларды тарататын елдердің этномәдени ерекшеліктерінің еліміздің аумағына кіруіне жол бермеген жөн болады.
Салафизм — көнерген наным
— Яғни, сіз мұны ұлттық бірегейліктің кезекті таңдауы ретінде бағалайсыз ғой.
— Мәселе бірегейлік бір рет және мәңгілікке белгіленбейді. Әр ұрпақ оны өз заманына сәйкес икемдейді. Егер ол бұзылса, архаика, яғни көнеру орын алады.
— Сонда, сіз салафизмді көнерген деп есептейсіз бе?
— Ол таза архаика және теріс идея. Ішінара, біз экстремист деп атайтын адамдардың артында әлеуметтік, саяси наразылықтар тұрады. Соңғы он жылда саясат құртылып жатқан елде адамдар саяси баламалар іздестіре бастайды. Сөйтіп, олардың кейбіреулері оны халифат тұрпатындағы исламнан, өздері үздік идея санайтын шариғатты орнатудан табады.
— Адамдар Facebook -те «Мен қалыпты салафистпін, ешкімге зиян келтірмеймін», деп жазады. Екінші жағынан, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы : «Қалыптылықтан радикализмге дейін бір-ақ қадам», дейді.
— Менің Египетте, білім алған теолог көптеген достарым бар. Олар теология мәселелері бойынша докторлық диссертациялар қорғаған. Олардың көпшілігінде сенімді және жүйелі ұстаным бар:
қалыпты салафизм болмайды. Салафизмнің өзі кез келген сәтте лаңкестерді, экстремистерді және радикалдарды көптеп тудыратын орта
Сенің көзқарасың, атап айтқанда, ұстанымың мемлекеттілік және жергілікті дәстүрлі қазақы исламның идеяларымен елеулі қайшылыққа ұшыраған кезде, ол кез келген сәтте қақтығысқа әкеліп соғуы мүмкін. Егер салафизмнің шығу тегін зерттейтін болсақ, онда бұл ағымның модернизациялық бас көтерудің нәтижесінде пайда болғанын түсінеміз. Египетті еске алыңыз. Заманауи Түркияға қараңыз. Жаңару халықтың шағын тобын қамтып, элиталық тұрғыда жүзеге асқан елдерде көнелікке қайту орын алды. Ол қорғаныс тетігі, әділеттілік іздеу тетігі іспетті болды. Осы орайда, барлығын дін қызметшілеріне арта салу дұрыс емес. Қазақстан Нобель сыйлығының иегерлерін алып келіп, жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемлерге отырғызуға болады. Бірақ ол ешқандай нәтиже бермейді. Өйткені мұндағы білім жүйесі, қоғам бөлек, оған сәйкес келмейді. Біздегі „Болашақ„ түлектерін еске алыңызшы. Олардың көпшілігі тамаша білім алды. Алайда олардың білімін тек тиісті жағдайлар жасалған елдерде ғана пайдалануға болады, тек сонда ғана ол нәтиже береді. Міне, осы жерде мемлекет неғұрлым белсенді болу керек.
Молдаларды мемлекеттік қызметке қабылдаған жөн
— Күнделікті өмірде мұны қалай жүзеге асыруға болады?
— Бірде мен бұл туралы айтқанмын-ды. Қазір бізде 2500-ден астам меншіт бар. Олардың ішіндегі 50 немесе 100 мешіт дербес, өз шығынын өзі өтейді. Олар еңбекақыны қамтмасыз етіп, діндарларға ғибадат жасауға лайықты жағдай жасаған. Әлбетте, 50-60 отбасы тұратын шағын ауылдардағы мешіттер өзін өзі қаржыландыра алмайтыны түсінікті. Олар, тіпті, ғимаратты жөндеуге, отын-суға қаржы таба алмай қиналады. Осы орайда, менің бір ұсынысым бар. Мүмкін, ағымдағы ахуалды, діннің мораль мен сенімді қалыптастыратын мықты институт, ал мемлекет пен дін, адам мен дін арасындағы мәселенің философиялық мәселе екенін ескере отырып, мен молдаларды мемлекеттік қызметшілер санатына қосар едім. Сонда олар тиісті еңбекақы алатын болады.
Жақында Алматы қаласының қоғамдық кеңесі өз отырысын өткізді, міне, сол бас қосуда осындай ұсыныс айтылды. Шын мәнінде, біздің молдалар әлеуметтік қызметатқарады: ас, құдайы тамақ бергенде, үйлену тойларында және басқа шараларда халыққа қызмет көрсетеді. Күнделікті құдайға құлшылық етуді жүргізеді. Бұл ішінара әлеуметтік қызмет болып табылады. Егер олар оны атқарып отырса, мүмкін, бізге де мемлекет пен дін бір бірінен бөлінген дегенді қойып, осындай қадамға бару керек шығар? Оған соншалықты қомақты қаржы кете қоймас. Есесіне, молдалар өзін өзі неғұрлым сенімді сезінетін болады. Біздің күштік құрылымдар оларды қыспаққа алып, „ақпарат беріңдер„ деп талап етеді. Ал олар: «Біз мемлекеттік қызметші емеспіз. Неге сіздерге ақпарат беруіміз керек?», дегенді алға тартады.
Енді бір жағынан, мұнда шешім — молдаларды әлеуметтік қорғау. Егер дәстүрлі ауылды алатын болсақ, онда кеңес заманынан қалған үш тағандылық орын алған – комсомол, партия және мектеп директоры, мұғалімдері, дәрігерлерден тұратын жергілікті зиялы қауым бар. Бүгін біз қаласақ та, қаламасқ та осы үштағандылық квартетке айналып жатыр. Міне, осы квартетте молдалар лайықты орынға ие болу керек. Мәселен, оларға әлеуметтік баспана берілу керек.Исламның қағидаттарына сәйкес, молдаларға банктен несие алуға болмайды. Бұл дінге қайшы. Ал оларда баспананы кепілді түрде алудың басқа жолы жоқ.
Егер молда он жылға жуық өз қызметін абыроймен атқарса, елмен қарым-қатынасы жақсы болса, онда неге оған дәрігер мен мұғалім сияқты пәтер бермеске?
Ислам ғылымды насихаттау керек
— Әрине, бұл мәселенің бір бөлігін ғана шешу, бірақ ғылыми білімді арттыру қажет. 20-ғасырдың басында Қазақстанда, Орта Азияда, Ресейдің түркі мұсылмандар мекендейтін бөлігінде, Татарстанда жәдитшілдік іспетті күшті қозғалыс пайда болды. Біздегі көптеген алашордашылар жәдитшілдер болды. Негізгі идея — олардың әлемнің өзгергенін түсінгенінде болған еді. Әсіресе, орыс-жапон соғысы іспетті үлкен оқиғалардан кейін. Олар исламдағы жеткілікті деңгейдегі консервативтік дүниелер мен дәстүрлі нанымға қайшы келетінғылым, заманауи білім бар екенін түсінді. Жәдитшілідік – ол жаңа мектеп. Дәстүрлі қазақ немесе мұсылман мектебі заманацуи болу керек. Оларда математика, физика оқытылу керек. Философияда мықты болу керек. Мүмкін, қазан төңкерісі болмаса, егер сол кезде жәдитшіліер қажетті күш-қуат жинағанда, түркі мұсылмандар ислам әлемінде орын алған процесстерге күшті әсер етуші еді. Радикализм тұрғысынан алғанда да. Егер сол кезде осы бағыт күш алғанда, тарих басқаша болушы еді. Неліктен теологиялық корпустың алдыңғы қатардағы бөлігі осы қызметті өз мойнына алмасқа? Білім саласының мақсаттары тек мемлекеттік болмауы да мүмкін. Десек те, қоғамымызда радикализм, экстремизм сияқты процесстер орын алып жатқан кезде
мұсылмандықтың прогресс идеяларын насихаттап, оларды ислам қағидаттарымен бітістіретін бөлігі болу керек қой
Өйткені өте білімді мұсылман философтары Құранда, хадистерде ғылым қайшы келетін ештеңе жоқ дейді. Пайғамбардың өзі адамдарға оқу керек деген. Келісетін шығарсыз, біз білетін заманауи ғылымның қалыптасуына мұсылмандар да өз үлесін қосқан.
— Қосқанда қандай!
— Алгебраны, астрономияны алыңыз. Бүкіл ежелгі әлем атынан гректер құрған бүкіл компендиумді сақтаған және аударған мұсылмандар. Еуропа оны тек орта ғасырларда – 11-12 ғасырлардан кейін игерді. Ал оған дейін мұсылмандар жеткілікті деңгейді мықты болған. Қазіргі салыстырмалы дүниелер көп, олар мұсылмандар арасында Нобель сыйлығының иегерлері аз, ендеше, ислам – нашар дейді. Ол дұрыс емес. Егер мәдени-өркениеттілік тұрғысынан алатын болсақ, онда ислам қазір өркениет ретінде, шамамен, орта ғасырда христиандық болған жас шамасында Сол баяғы қараңғылық, ғылымды қудалау. Бұл Еуропадағы 14-ғасыр. Қазір хиджра бойынша 15-ғасыр. Шамасы, барлығы есеюдің кезеңдерінен өтетін паралельдер бар болу керек.
— Иә. Қызық екен.
Қазақстан исламды реформалаудың орталығы бола ала ма?
— Сондықтан мен исламды жағымды жағынан реформалау әлі алдымызда деп ойлаймын. Қазір жұмыс істеп жатқан заманауи орталықтар реформа жүргізуге қабілетті емес деп ойлаймын. Егер реформалар орын алса, ол шетқақпайланған, ұраншыл ортада жүзеге асуы мүмкін.
— Төменнен бе?
— Басқа өркениетермен шектесіп жатқан елдерде. Егер аналогияны аяғына дейін жүргізетін болсақ…
— Малайзияда.
— Малайзияда. Мүмкін Қазақстанда, Индонезияда. Еуропада мұндай реформалау Римде жүзеге асқан жоқ. Жаңару Германияда, шалғайдағы Балтық қалаларында бастау алды. Бізде де солай болады.
Дереккөзі: 365info.kz