ТҰҢҒЫШБАЙҒА ӨКПЕЛІЛЕР "ҚАЗАҚСТАН ТЕАТРЛАР АССОЦИАЦИЯСЫН" ҚҰРДЫ

Қазақстанда жаңа «Қазақстан театрлар ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Ассоциацияның президенті болып М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Халық әртісі, мемлекеттік жүлделердің лауреаты, «М. Ломоносов» орденінің кавалері, «Отан» және «Достық» ордендерінің иегері Асанәлі Әшімов сайланды. Бұл туралы Abai.kz порталы хабарлайды.

Жаңа «Қазақстан театрлар ассоциациясы» театр қоғамдастығының құрылуы туралы жетекші қазақстандық театрлардың басшылары жарилады. Бұл шешімді қолдаған Қазақстанның жетекші театрларының басшылары қатарында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, М. Лермонтов атындағы орыстың мемлекеттік академиялық драма театры, Мемлекеттік республикалық кәріс музыкалық комедия театры, Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры, Республикалық неміс драма театры және т.б. басшылары бар.

Жаңа кәсіби қауымдастықты құру туралы шешімді театр қайраткерлері Театр қайраткерлері одағы және оның жетекшісі Т. Жаманқұлов есімімен байланысты жанжалдардың бітпес легіне орай қабылдады.

Театр қайраткерлері айтып кеткендей, олар отандық театр өнеріне қолдау көрсету бойынша міндеттерін жүзеге асыруды тоқтатқан ұйымда өздерінің мүшелік етуін одан әрі жалғастыру мүмкін емес деп санайды. Театр өнерінің көрнекті майталмандарының сөздеріне қарағанда, Театр қайраткерлері одағынан шығудың тағы бір себебі – Одақ жетекшісі Т. Жаманқұловтың ұйым мен театралды қауымдастықтың беделіне нұқсан келтіріп жүрген іс-әрекеттері. Нақты айтқанда, ТҚО президенті Т. Жаманқұловтың есімі үнемі аталып жүрген «Феникс» фильміне байланысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы жанжал турады айтылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік республикалық театрлары құрылтай жиналысының шешімінде: «Біз «Қазақстан театрлар ассоциациясының» мақсаттары мен міндеттері заман талабына сай болып, Қазақстан театр қауымдастығына қолдау көрсете отырып, халықаралық деңгейде рухани бай мәдениетімізді жан-жақты көрсететінін мәлімдейміз», - деп жазылған.

Шешімге қол қойғандар:

М.Әуезов атындағы                                                                      А. Әшімов

Қазақ мемлекеттік академиялық

драма театрының көркемдік  жетекшісі,

Қазақстан Халық әртісі

Ғ.Мүсірепов атындағы                                                                           М. Ахманов

Қазақ мемлекеттік академиялық

балалар мен жасөспірімдер театрының

көркемдік жетекшісі,

Қазақстан Республикасы еңбегі сінген қайраткері

Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік                                              Т. Н. Тарская

академиялық балалар мен

жасөспірімдер театры,

Қазақстан Республикасы еңбегі сінген әртісі

М. Лермонтов атындағы                                                                     Р.С. Андриасян

орыс мемлекеттік академиялық

драма театрының көркемдік жетекшісі,

Қазақстан Халық әртісі

Мемлекеттік республикалық                                                                  О. С. Ли

кәріс музыкалық комедия театрының режиссеры,

Қазақстан Республикасы еңбегі сінген

Мәдениет қайраткері

Мемлекеттік республикалық                                                         М. А. Ахмадиев

ұйғыр музыкалық комедия театрының

көркемдік жетекшісі,

Қазақстан Халық әртісі

Республикалық неміс                                                                    Н. Дубс

драма театрының режиссеры

Қ. Қуанышбаев атындағы                                                                Т.Д. Теменов

Мемлекеттік академиялық

қазақ музыкалық драма театры,

Қазақстан халық әртісі