Меруерт Өтекешова: Тұңғышбаймен бірге оқығаныма қатты өкінемін

Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловтың басы тағы дауға қалды. Даудың шет-жағасын көзі қарақты оқырамын білетін шығар, – деп жазады dalanews.kz сайты.

Картинки по запросу қыз жібек

Алдымен Жаманқұловты Асанәлі Әшімов сынға алды. Артынша өнердегі тағы бір әріптесі, әйгілі Қыз Жібек, Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешова жерден алып, жерге салыпты.

«90 жылдары, әлгі қиын кездерді айтам, өнерге қол созған, көмек көрсеткен адам кім, білесің бе соны? Президент! Елбасымен кездескен кезде мен одан: «Сіз барлық іске көңіл бөлетін күш-қуатты қайдан аласыз? Таңертең бір жерге асығып бара жатсаңыз, кешке басқа бір жиында отырасыз. Түнде де жұмыс үстіндесіз. Күні-түні таусылмайтын ресми кездесулер де қаншама» деп сұрадым. «Күш-қуатты мен сіздерден, мәдениет пен өнердің адамдарынан аламын. Халықты тәрбиелейтін, оларға мәдениет нұрын себетін мына сіздерсіздер» деген еді сол жолы Президент. Ал қазір біз не істеп жатырмыз? Мұнымыз айтуға ұят масқара  жағдай ғой. Тұңғышбай, сен мені кешір. Иә, бірге оқыдық.  Бірақ, кей кездері сенімен бір курста оқығаныма өкінемін. Бұлай деп айтудың өзіне ұяламын» деді Меруерт Өтекешова.

Әзір Жаманқұлов жалғыз қалғандай. Әліптің артын бағайық. Жаманқұлов өзіне қарата айтылған сынды жауапсыз қалдырмайтыны белгілі…