Стамғазиевті танымаған отандық әртіс ұятқа қалды
2016 ж. 19 қыркүйек
4058
6
Бүгін Астана телеарнасындағы “Ел аузында” бағдарламасында отандық актриса Сая Оразғалиева сұхбат берді. Тілшінің “Рамазан Стамғазиевті тыңдайсыз ба?” деген сауалына “Рамазанды танымаймын” деп жауап берген Оразғалиева айды аспаннан түсірді. Бұл туралы juldizdar.kz порталының тілшісі хабарлайды.
Қазақтың сүйікті әншісі Рамазан Стамғазиевті білмейтін қазақ кемде-кем шығар. Ал Саяны кім таниды?.. Алғашында, танымаса өз еркі ғой деген немқұрайлылық танытып едік. Сәл ойлансақ, бұл үндемей қоя салуға болмайтын дүние екен.
Ана тілін білмейтін, өзін әртіспін деп санайтын адамдар қазақтың ән-жырын, ұлттық мұрасын білмесе оларды несін телеарналарға шығарамыз. Рамазанды білмейтін Сая, қазақтың тілін, ділін, ұлттық әнін білмейді деген сөз. Бойында ұлттық құндылық тұрмақ, қазақтықтың иісі де жоқтығын білдіреді.
Кезінде “Екі жұлдыз” телешоуында тағы бір орыстілді қазақ актрисасының “МузАрт” тобының әйгілі әншісі Мейрамбек Беспаевты танымаймын деп салғанда, не дерімізді білмей қалып едік. Мынау барып тұрған масқара ғой.
Осындай ұлттық бояудан жұрдай әртістерді телеарналарға шығарып, насихаттауды қашан қоямыз?
juldizdar.kz