Дос Көшім: Қазақ тілінің жағдайын Назарбаевтан асырып айтқан ешкім жоқ

11
4087

«Қазақстан» ұлттық арнасында тұсауы кесілген «Ой толғау» бағдарламасының алғашқы санына саясаттанушы Дос Көшім мен мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл қатысты.

Аталған бағдарлама барысында саясаттанушы Дос Көшім қазақ тіліне қатысты ойымен бөлісті деп жазады NUR.KZ.

«Біздің билікте қазақ тілін білмейтін министрлер, шенеуніктер бар десем, шетелдік достарым сенбейді. Мұны менің басшылыққа ренішім деп қабылдайды. Сондайда мен: «Бізде қазақша білмейтін облыс басшылары да бар» деймін. Міне, біздегі жағдай осындай», – деді талай жылдан бері қазақ тілінің мәселесін көтеріп жүрген саясаттанушы Дос Көшім.

Сонымен қатар, саясаттанушы президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің жағдайын кез-келген ұлтжанды азаматтан асырып айтқанын да жеткізді.

«Қазақ тілінің жағдайын Назарбаев кез-келген ұлтжанды адамнан артық айтты. Осыдан 3-4 жыл бұрын президент ассамблеяның жиынына қатысқанда, еліміздегі кәріс ұлтының өкілі Роман Ким қазақша сөйледі. Сол кезде Назарбаев: «Осы жерде жүз қазақ, бес орыс отырса, бәріміз орысша сөйлейміз. Міне, осындай сорлы халықпыз» деді. Осыдан артық қалай жеткізу керек сонда? Сол жерде отырған шенділер осы сөзден кейін ойланбады ма?», – деді Дос Көшім хабар барысында.

11 ПІКІРЛЕР

  1. «Тілдер туралы» заңның күшін жойып.»Мемлекеттік тіл туралы»
    Жап жаңа заң қабылдатудан бастау керек.
    Бұл заңда қазақтардың аты жөнін өзгертуден бастап əліпбиге дейінгі мəселе кіру керек./ОВ.ЕВ-ті айтамын/
    Тіл мəселесі түрлі жарнамалар мен,тауар,дəрі дəрмек .т.т-дың
    бетіндегі қате мағынасыз сауатсыз аударма сөздерге дейін қатаң бақылауға алса,
    Көше аттарын тек қазақша жазса /мыс:АБАЙ АБАЙА ?,САЙН
    САЙНА.??/ Қала аттпрын да орысшаламау керек / мыс:ҚАРАҒАНДЫ КАРАГАНДА/

  2. «Тілдер туралы» заңның күшін жойып.»Мемлекеттік тіл туралы»
    Жап жаңа заң қабылдатудан бастау керек.
    Бұл заңда қазақтардың аты жөнін өзгертуден бастап əліпбиге дейінгі мəселе кіру керек./ОВ.ЕВ-ті айтамын/
    Тіл мəселесі түрлі жарнамалар мен,тауар,дəрі дəрмек .т.т-дың
    бетіндегі қате мағынасыз сауатсыз аударма сөздерге дейін қатаң бақылауға алса,
    Көше аттарын тек қазақша жазса /мыс:АБАЙ АБАЙА ?,САЙН
    САЙНА.??/ Қала аттпрын да орысшаламау керек / мыс:ҚАРАҒАНДЫ КАРАГАНДА/

  3. «Тілдер туралы» заңның күшін жойып.»Мемлекеттік тіл туралы»
    Жап жаңа заң қабылдатудан бастау керек.
    Бұл заңда қазақтардың аты жөнін өзгертуден бастап əліпбиге дейінгі мəселе кіру керек./ОВ.ЕВ-ті айтамын/
    Тіл мəселесі түрлі жарнамалар мен,тауар,дəрі дəрмек .т.т-дың
    бетіндегі қате мағынасыз сауатсыз аударма сөздерге дейін қатаң бақылауға алса,
    Көше аттарын тек қазақша жазса /мыс:АБАЙ АБАЙА ?,САЙН
    САЙНА.??/ Қала аттпрын да орысшаламау керек / мыс:ҚАРАҒАНДЫ КАРАГАНДА/

  4. Назарбаев: “Осы жерде жүз қазақ, бес орыс отырса, бәріміз орысша сөйлейміз. Міне, осындай сорлы халықпыз” . Калай тура айтылган.

  5. Екі ұлты бөлек Қазақстан азаматын құқығын шектеп, тек орыс тілінде араластыратын «ұлтаралық қатынас тілі» ұғымын Ата заңымыздан алып тастайтын кез келді.

  6. Әбіл Жәкен бауыр өте дұрыс айтты, Ата заң талаптарын билік бұлжытпай орындауы міндетті. Тағы айтарым: Мемлекеттік тіл туралы нақты заң және шаралар қайтадан қаралу керек. Елбасына тікелей бағынатын Мемлекеттік Тіл Комиссиясы (ҰҚК дәрежесінен кем емес) құрылып, Сол Комиссия Мемлекеттік тіл туралы заңның және белгіленген шаралардың орындалуын қадағалап, қазақ тілінің одан әрі дамуын (мемлекеттік әліпби құрып қабылдаудан бастап) қамтамасыз етуі керек. Өзге ұлттар өз әліпбиін еліміздің жаңа мемлекеттік әліпби негізінен қайта құру керек.

  7. Сорлы халфкпыз гой есисде 1966жылы Ташкентте жер силкмн п кирап калды гой содан кундиз туни эшелондар агылды Востонрвим Ташуент братскому узбекскому народу деп буид республикадвн агылды гой сол сол орыстар беларустар украйндар молдавандар ббаска хвлыктар кери кайткан жок уй алды жумыс истеди орыс тилдилер кобейип кетти сонда охбектер срйлеспей койган кундери ушин озбнк тилин уйренди оларга жогарыдан ешким айткан жок ал бизде калай айтпасада белгили гой

  8. Осы Дос Көшім мырзаның не шын айтып, не қалжыңдап айтып отырғанын айыру, мысалы, маған қиын. Назарбаевты қазақ тілінің қамын жеуші етіп отыр ма енді? Егер президент қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін құнттаушы болса, таққа отырғанынан 10 жылдан соң, 2001-жылы, «Мемлекеттік дәрежеде қызмет істеушілер 2011-жылға дейін мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті» деп жарлық шығарса, орыстарда естілер көп, олар құптар еді, ешбір жерде көтеріліс болмас еді, Ресей бізге шабуыл жасамас еді. Арбаның 5-нші доңғалағындай анау Ассамблеяның, парламенттің жұмысын мемлекеттік тілде жүргіздіретін, олардағы өзге тілділерге ілеспеаударманы қолдандыратын уақыт жеткілікті болды. 25 жылда мұның бірде-бірі іске асырылған жоқ. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген президент сол ұранын өзі орындамай жүргенін Көшім мырза білмей, көрмей отыр ма? «… кез келген ұлтжанды азаматтан асырып айтты» дегені тағы қай жұмбағы? Президенттің мемлекеттік тілге қандай мән беретінін анық біліп сөйлеу үшін оның бұдан былай да Астанада өтіп жататын халықаралық, мемлекетаралық жиындарда, парламент алдында, министрлерді, т.б. қабылдағанында қай тілде сөйлегенін қазақ телеарналарынан 1-2 апта қадағалаңыз, Көшім мырза, содан кейін айтарсыз шындықты? Президент БҰҰ мәжілісінде былтыр бірінші рет қазақ тілінде сөйлегенде бізде оны тарихи ғажап оқиға деп «отыз күн ойын, қырық күн той» болды.Ұлт мемлекетінің басшысы қайда, қашан болсын өз халқының тілінде сөйлеуге міндетті екенін ескермедік. Осыдан 10 жыл бұрын Малайзияның басшылығындағы бір әйел Астанаға келіп, кездесулер өткізіп, парламенттің Мәжілісі жиналысына қатысып, еліне аттанарда әуежайда тілшілерге: -Дүние жүзін аралап жүріп, өз тілінде сөйлемеймін бір ғана елді, Қазақстанды көрдім, – деген еді. Көшім мырза не естіген, не оқыған болар. Біздің әлі де солай екеніміз бекер ме? :oilanu:

  9. Өте жақсы Ойтолғау болды.Дос Көшім ұстазымыздың ұстанымы бар адам екенін бүкіл Қазақстандықтар біледі десек артық болмас.Бақытбек пен Дос арасындағы ойлар орындалып, мәжілісте Достай азаматтар отырса, еліміз….. еліміз мұншама қарызға, былыққа батпас па еді? кім біледі?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз