Астанада Құрбан айт намазына 45 мың мұсылман жиналды (фото)

12 қыркүйек күні Қазақстанның мұсылмандары қасиетті мереке - Құрбан айтты тойлатуда. Елдің бүкіл мешіттері таңнан бастап мерекелік намаз оқып, азан шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанада Құрбан айттың мерекелік намазына 45 мың мұсылман жиналды (фото)
"Әзірет Сұлтан" мешітіне мерекеге орай 45 мың мұсылман жиналды.
Күздің салқын суығы тұрғындардың мешітке жол тартуына кедергі бола қойған жоқ.

Еліміздің бас мүфтиі қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, халықты көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға шақырды.

Бас мүфти мешіт алдында немесе құрбандыққа шалу сәтінде селфилететіндерді сынға алып, олай істемеуге кеңес берді. Халықтың қарасы көп болғандықтан, арнайы қызмет сарбаздары тәртіпті күзетіп, мешіт маңында жүрді.