Қарақат Әбілдина: Үйімізде тіл мәселесі өзекті, балам орысша шүлдірлейді…

5
4022

Танымал әнші Қарақат Әбілдина ұлының орысша сөйлейтіні туралы қолданушы сұрағына жауап берді деп хабарлады NUR.KZ.

ФОТО БЕКБОЛАТ БОЛМАНОВТЫҢ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

 

Желі қолданушылары Қарақат пен Қыдырәлінің ғана емес, оның балаларының да әрбір басқан қадамын назардан тыс қалдырмайды. Олар жұлдызды жұптың үлкен ұлы Бекболаттың футболмен әуестенетінін, биыл тағы бір ұлы бірінші сыныпқа барғанын жақсы біледі. Оның ұлдарын өте стильді киінеді деп бағалағандар да болған. Енді, міне, олар Бекболаттың орысша араластырып сөйлегенін айтып, Қарақатқа өз наздарын жеткізді. Себебі, қолданушылар оның ұлы Бекболаттың желідегі парақшасына жазбаларды орыс тілінде жиі қалдыратынын байқаған.

ФОТО БЕКБОЛАТ БОЛМАНОВТЫҢ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

Желі қолданушысы Абашова Жанар әншінің бір жазбасының астына: «Балаңыз əзер қазақша сөйлеп тұр ғой, ылғи  балаларым таза қазақша сөйлейді деп айтасыз», –  деген пікірін жазған еді.

Бұл сұраққа әнші үнсіз қала алмады. Көп ұзамай Қарақат оған жауап қайтарып, ұлының неліктен орысша араластырып сөйлейтінін түсіндіріп берді.

ФОТО ҚАРАҚАТТЫҢ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

 

«Бiз үйде таза қазақша сөйлеймiз, бала қазақ класында оқиды. Бірақ кейiнгi кезде ауладағы балалардан үйренiп орысша шүлдiрлей бастады. Қоршаған ортасы қатты әсер етедi. Тіл проблемасы өте өзектi болып тұрғаны рас… Мемлекет қолға алмаса болмас…», – деп жазды ол отбасындағы осы мәселемен бөлісіп.

5 ПІКІРЛЕР

  1. Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте! Қалада аралас сөйлейтіндердің қатарындамыз,бірақ содан орыс болып кеткен жоқпын,Негізі орыс,ағылшын тілін меңгеру,білу үшін ол тілдерде бала сөйлеп тұруы керек.Ең бастысы қазақ сыныбында оқыту,үйде қазақша сөйлеу,қазақ әдет ғұрыпты сақтау,Егер ол тілдерде сөйлемесе,бір орыспен де сөйлесе алмайды емеспе?
    мен өз басым балаларымның тек қана қазақ тілін ғана емес,орыс,ағылшын тілдерін де білгендерін қалаймын.

  2. Отан от басынан басталады… Әрбір қазақ үйінде қазақша сөйлеуі керек… Менің де балаларым қала да туған, қала да тұрады, аулада орыс достары да, қазақша білмейтін достары да жеткілікті. Бірақ мен олардың қазақша ғана сөйлегенін талап етемін, әсіресе үйде Сен қазақсың, қазақ тілін-ана тіліңді құрметтуің керек деп саналарына құя берген жөн деп есептеймін. Сондықтан мемлекет қолға алмаса болмас деп отырған жөн болмас, әрі ұлтым деп зыр жүгіріп жүрген Қыдырәлідей азамтаттың жары бұлай десе… қалғандарына не сорым…

  3. «Мемлекет қолға алмаса болмас»- мен де келісемін.
    Қазақтар қаладағы үлкені де, баласы да тек қана орыс тілінде сойлейді. Мынандай жағдай да қазақ тілі жойылып кететін қауіп бар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз